6.
Марапаттау
6.1.
Ұпай бойынша жүлдегерді анықтау
қазылар алқасының шешімі
негізінде жүзеге асады:
І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдардың саны келесі пропорция негізінде белгіленеді:
қатысушылардың жалпы санының 21%-дан аспайтыны ІІІ дәрежелі дипломдармен,
15%-дан
аспайтыны ІІ дәрежелі; 9%-дан аспайтыны І
дәрежелі дипломдармен,
10%-дан аспайтыны грамотамен марапатталады.
6.2.
Олимпиаданың
ашылуы,
қорытындысын
шығару
және
қатысушыларды марапаттау салтанатты және мерекелік жағдайда өтеді.
6.3.
Мектепішілік, аудандық (қалалық) және
облыстық олимпиадалардың
жүлдегерлері тиісті білім
беру органдарының бірінші, екінші, үшінші
дәрежелі
дипломдарымен, грамоталарымен және егер мүмкіндік
болған жағдайда
сыйлықтарымен марапатталады.
6.4.
Облыстық кезең аяқталған соң Ұйымдастырушы тараптан, командалық
есеп бойынша аудандар арасында рейтинг жасалады. Оның қорытындысы негізінде
бас жүлде, І, ІІ, ІІІ орынмен аудандық
білім бөлімдері марапатталып,
бағалы
сыйлықтар табысталады.
6.5.
Республикалық кезең аяқталған
соң Ұйымдастырушы тараптан,
командалық есеп бойынша облыстар арасында рейтинг жасалады. Оның
қорытындысы негізінде бас жүлде, І, ІІ, ІІІ орынмен өңірлік «Дарын» орталықтары
марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталады.
7.
Қорытынды
Олимпиада нәтижелерін 3 жұмыс күні ішінде әр кезеңнің жауапты органдары
ресми сайттар мен әлеуметтік желілерде жариялайды.