Бір қоймалық үй-жайда біріне-бірі әсер ететін улы заттарды сақтауға болмайды.
Бір қоймалық үй-жайда біріне-бірі әсер ететін улы заттарды сақтауға болмайды.
Улы заттардың әрбір бөлігі сандық есепке алынып, ол туралы мәліметтер осы санитарлық ереженің қосымшасында көрсетілгендей ұйымның басшысының қолмен және мөрмен расталынған, беттері нөмірленген, түбі тігілген жорналда тіркелінуі керек.
Улы заттарды өлшеу және өлшеп алу ауасы сорып-шағырылатын шкафта жүргізіліп, ол үшін арнайы бөлінген ыдыстарды пайдалану керек.
Жұмыс барысында пайдаланылмаған улы заттар жұмыс аяғында қоймаға қайтарылуы керек.
Улы заттарды сақтайтын қойма, үй жайларына және сақтау жағдайына қойылатын санитарлық эпидемиологиялық талаптар
Санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар қоймалардан бөлек орналасуы керек. Санитарлық-тұрмыстық үй-жайлардың құрамына өзінің және арнайы киімдерін, аяқ киімдерін бөлек сақтайтын шкафтармен жабдықталған киім ілгіш орын болуы керек. Ол жерде себезгі, дәретхана, ыстық және суық суды араластыратын қондырғысы болып, тамақ ішетін бөлме қарастырылуы керек.
Улы заттарды қабылдайтын, жіберетін, тиеп түсіретін қойма жұмыскерлері улы заттарды зиянсыздандыратын химиялық заттармен қамтамасыз етіліп, әрқайсысының қорғаныс құралдары болуы керек.
Зертханада пайдаланылатын улы заттарды сақтауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
Улы заттарды сақтауға арналған өндірістік және зертханалық үй-жайлар жеке орналасуы керек.
Зертханадағы улы заттар бөлек төмендегідей реактивтер тобынан бөлек сақталуға тиіс:
1) жарылыс беретін заттардан;
2) жанатын және сығымдалған газдардан (ацетилен, сутегі, пропан-бутан);
3) өздігінен жанатын және жалын беретін заттардан (карбид, кальций, сілтілік металлдар, ақ фосфор);
4) оңай тұтанып, жанатын сұйық заттардан (диэтилді эфир, ацетон, петролдық эфир, бензин, бензол);
5) өздігінен от шығуынан мүмкіндік беретін заттардан (азот қышқылы, марганецқышқылды калий, күкірт қышқылы).