Улы және жағымсыз иісті заттармен жасалатын тәжірибелер тартпа шкафта жүргізіледі.
Улы және жағымсыз иісті заттармен жасалатын тәжірибелер тартпа шкафта жүргізіледі.
Бөлініп жатқан газдарды ыдысқа жақын еңкейіп иіскеуге болмайды. Газдың немесе сұйықтықтың иісін білу үшін ыдыстың аузынан ауаны өзіне қарай желпу керек.
Концентрациялы қышқылдарды, әсіресе күкірт қышқылын сұйылтқанда, қышқылды суға құю керек, керісінше (қышқылға суды) құюға болмайды!
Беттеріңе немесе киімдеріңе шашырамау үшін реактивтерді қойғанда ыдысқа аса еңкеймеңдер.
Сұйықтықты қыздырған кезде ыдыстың үстіне еңкеймеу керек, себебі сұйықтықтың бетке шашырап кетуі мүмкін.
Пробирканы қыздырғанда оның аузын өзіңе немесе қатар тұрған жолдасыңа қаратып ұстама.
Егер беттеріңе немесе қолдарыңа сұйықтықтың (қышқылдың) шашырандысы тисе, судың күшті ағындысымен жуып, содан кейін күйген жерді соданың сұйытылған ерітіндісімен жуу. Сілті тиген жерлерді сілті әбден кеткенше сумен жуады, сосын калий перманганатының 3%-ды ерітіндісіне батырылған мақтамен сүртеді.
Оңай от алғыш, ұшқыш заттармен жасалған барлық тәжірибелерді оттан аулақ және мүмкіндігінше тартпа шкафта жүргізген жөн.
Жана бастаған бензин, спирт, эфирді сөндіргенде жалынға құм себу.
Жанарғының жалынынан немесе қызған нәрселерден дене күйсе, күйген жерді калий перманганатының концентрленген ерітіндісімен жуу керек, тіпті осы қосылыстың кристалдарымен күйген жер қоңыр тартқанша сүртуге болады немесе күйікке қарсы қолданылатын дәріні жағып, таңып тастау керек.
Уланғанда және қатты күйгенде іле-шала дәрігерге көріну.
Лабораториядан кетерде газ жанарғыларының шүмектерін тексеру
Лабораторияда жұмыс жасағанда қолданылатын сақтық шаралары