Зертханалық жануарлардың түрлері. Зертханалық жануарлардың генетикалық сипаттамасы. Зертханалық жануарларды күтіп-бағу, көбейту


Зертханалық жануарларды күтіп-бағу, көбейту



бет3/3
Дата09.05.2022
өлшемі17,55 Kb.
#33800
1   2   3
Байланысты:
5 Дәріс

3 Зертханалық жануарларды күтіп-бағу, көбейту.

Зертханалық жануарлар виварийлерде ғылыми зерттеулерде өсіріледі. Виварийде ғылыми зерттеулерде қолданылатын, яғни тәжірибе барысындағы жануарлар ұсталынады.

Питомник- тәжірибеге пайдаланғанға дейінгі жануарлар өсірілетін жер. Зертханалық жануарларға арналған виварий, питомниктерде қолайлы микроклимат жасалуы қажет. Микроклимат дегеніміз- шектелген кеңістіктегі климат, яғни сол қора жайдың температурасы, ылғалдылығы, жарықтылығы, зиянды газдардың шекті мөлшері, ауа қозғалысы зертханалық жануарлардың физиологиялық тіршілігіне кері әсерін тигізбеуі керек.

Қояндар торда 2-3-тен, ұрғашы, еркегі бөлек орналастырылады. Қояндардың жыныстық жетілуі 6 айда болады. Буаздығының ұзақтығы 28-32 күнге созылады. Туылған көжектер саны 1-12-ге дейін болуы мүмкін. Көжектер енесін 20 күнге дейін еміп, жұмсақ азықтарды біртіндеп қабылдай бастайды. Көжектерді енесінен 1-1,5 айында біртіндеп айырып, торларға қоңдылығына, жынысына байланысты 2-3 тен топтайды.

Теңіз шошқасы торда 4-5-тен орналастырылады. Теңіз шошқасын шағылыстыруға 9 айдан кейін ғана жібереді және ұрғашысының салмағы 540 г, ал еркегінің салмағы 630 г кем болмауы қажет. Теңіз шошқаларын шағылыстыру үшін бос торға ең алдымен еркегі, содан соң 4 ұрғашысы орналастырылады. Буаз теңіз шошқаларын жеке торларға ауыстырады, олардың буаздығы 2 айға, ал лактация кезеңі 1 айға созылады. 1 аналық теңіз шошқасы 2-3-тен балалайды. 1 айдан кейін жас теңіз шошқаларын 5-6 бастан торларға орналастырады.

Ақ тышқандар торда 1 еркек 5-6 ұрғашыдан орналастырылады. Осы жерде тышқандардың шағылысуы, көбеюі және өсуі өтеді. Жыныстық жетілген тышқандардың салмағы ұрғашысінікі – 18-19 г, еркегінікі- 19-22 г болады. Тышқандардың буаздығы 18-25 күнге созылады, туылған кезде тышқандардың салмағы 1,5 г болады. Тышқандарды 25-30 күндік жасында енесінен айырып, торларға 20-25 бастан орналастырылады. Бұл кезде жас тышқандардың салмағы 8-10 г-ға жетеді.



Ақ егеуқұйрықтар үлкен торларда 2-3 еркек және 10-12 ұрғашыдан орналастырылады. Жыныстық жетілген егеуқұйрықтың салмағы ұрғашысынікі  155-170 г, еркектерінікі - 190-230 г болды. Буаздығы 16-22 күнге созылады. Жаңа туылған егеуқұйрықтың салмағы 5 г-ға жетеді. 1 айға толғанда енесінен айырып, торларға 15-20 бастан орналастырылады, бұл кезде олардың салмағы 45-48 г болды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет