Зертханалық ЖӘне студиялық сабақтардың тақырыптары мен қЫСҚаша сипаттамалары


Химия зертханасындағы сақтық шаралары



бет2/7
Дата16.03.2023
өлшемі30,2 Kb.
#74901
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Химия зертханасындағы сақтық шаралары:
1.Қауіпті заттармен тәжірибені оқытушының рұқсатымен жүргізеді.
2.Тартпа шкафта жұмыс істегенде оның терезесін 1/4-1/5 бойына дейін көтеріп, жұмыс біткенде жауып қою керек.
3.Тәжірибені кір ыдыста жасауға тыйым салынады.
4.Аммиак, хлор, бром, иод, азот қышқылы, т.б. ұшқыш заттар бөліне жүретін жұмыстарды тартпа шкафта жүргізу керек.
5.Қышқылдарды және сілтілерді бір ыдыстан екіншісіне құюға зертхана қызметкерлеріне ғана рұқсат беріледі.
6.Рұқсатсыз химиялық ыдыстан су ішуге болмайды.
7.Егер оталғыш сұйықтықтар немесе заттар жанса, спирт шамы тез өшірілуі, электр қондырғылары суырылып тасталуы, оталғыш заттар басқа жерге әкетілуі тиіс, жанған сұйықты асбест, жай көрпемен жабады, жанған фосфорды сулы құммен немесе сумен өшіреді.
8.Киім жанса, көрпеге немесе пальтоға орап өшіру керек, еш уақытта қашуға болмайды.
9.Электр сымы жанса, тез электр тогын өшіріп, мүмкін әдіспен (құм, су, асбест көрпесі) өшіреді.
10.Ашық жалынмен жұмыс істегенде оталғыш сұйықтары бар ыдыстарды 1 м қашықтыққа кою керек.
11.Оңай от алатын сұйықтықтарды ("оос" - бензин, спирт, эфир) бір ыдыстан екінші ыдысқа құйғанда ашық жалыннан 3 м қашықтықта болуы керек.
12.Концентрлі азот қышқылы кейбір оталғыш органикалық заттармен жанасқанда (скипидар, эфир майы, майлы қағаз, ағаш үгіндісі, ескі шүберектер, қиқымдар, т.б.) жануы мүмкін.
13.Электролиз кезінде барлық контакт жақсы изоляцияланған болуы керек.
14.Оталғыш немесе қопарылғыш заттардың қалдықтарын кабинаға немесе қоқыс салатын жерге тастауға болмайды. Оларды арнайы ыдысқа жинап, этикеткасын жазып қояды.

1 зертханалық жұмыс


Зольдерді алу және олардың кейбір қасиеттері.
Коллоидты ерітіндіні алмасу реакциясы әдісімен алу.
1 - т ә ж і р и б е: Күміс иодиді золін алу.
а) Көлемі 50 мл үш колбаға 15 мл 0,05 М КІ ерітіндісін пипекамен өлшеп құяды. Олардың біріншісіне шайқап отырып 10 мл, екішісіне 12,5 мл, үшіншісіне 15 мл дл өлшенген 0,05 М AgNO3 ерітіндісін қосады. Алынған коллоидты ерітіндідегі бөлшектердің зарядын электрофоретикалық зондпен анықтайды.
б) Көлемі 50 мл үш колбаға 15 мл 0,05 М AgNO3 ерітіндісін пипекамен өлшеп құяды. Олардың біріншісіне 10 мл, екішісіне 12,5 мл, үшіншісіне 15 мл дл өлшенген 0,05 М КІ ерітіндісін шайқап отырып қосады. Қоспадағы коллоидты бөлшектердің зарядын анықтайды. Бөлшектердің «оң» немесе «теріс» зарядты болуын түсіндіру керек. Мицеллалардың формуласын жазып, құрылысын түсіндіру керек.

2 - т ә ж і р и б е: Берлин лазурі золін алу.


а) Көлемі 50 мл колбаға 15 мл 0,005 М FeCl3 ерітіндісін құйып,оған 10 мл 0,005 М К4[Fe(СN)6] ерітіндісін қосады.
б) Колбадағы 15 мл 0,005 М К4[Fe(СN)6] ерітіндісіне 10 мл 0,05 М FeCl3 ертіндісін қосады. Фильтр қағазында екі ерітіндідегі бөлшектердің зарядын анықтайды. Мицеллалардың формуласын жазады. Бөлшектердің «оң» немесе «теріс» зарядталуын түсіндіреді.


Коллоидты ерітінділерді гидролиз әдісімен алу.
3 - т ә ж і р и б е: Темір (III) гидроксиді золін алу.
а) Стакандағы қайнап тұрған дистилденен 100 мл суға 5-10 мл 2% FeCl3 ерітіндісін тамшылатып құяды. Нәтижесінде қызыл-қоңыр түсті темір (III) гидроксидінің коллоидты ерітіндісі түзіледі. Түзілген ерітіндегі коллоидты бөлшектердің зарядын анықтап, мицелла формуласын жазу керек.

2 Зертханалық жұмыс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет