Зертханалық ЖӘне студиялық сабақтардың тақырыптары мен қЫСҚаша сипаттамалары


Торзионды таразы көмегімен дисперсті фазаның массасын өлшеу



бет4/7
Дата16.03.2023
өлшемі30,2 Kb.
#74901
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Коллоидты химия лаборатория (2)

Торзионды таразы көмегімен дисперсті фазаның массасын өлшеу.
1 - т ә ж і р и б е:
Алдымен торзионды таразыны жұмысқа даярлайды. Ол үшін столға тіреуіш винттердің көмегімен горизонталь орнатады. Ілгішке таразының табақшасын іледі. Онан соң арретирді оңға («ашық» белгісіне) жылжыту арқылы таразы иінін босатады. Иін көмегімен стрелканы нольге келтіреді. Таразы теңдігін көрсететін стрелканы қозғалмайтын тілшемен дәл теңестіру керек. Егер олар теңеспесе, винтті бұрап теңестіреді. Т торзионды таразыны жұмысқа даяр болған соң арретирді солға «жабық» белгісіне жылжытып таразы иінін бекітеді. Табақшаның салмағын және оның суға батып тұрған биіктігін өлшеу үшін цилиндрге дистилденген су құйвп, оған табақшаны батырады. Онан соң арретирді жылжытып иінді босатады да иінмен стелканы қозғап таразы теңдігін көрсететін стрелканы тілшемен теңестіреді. Арретирді жабады. Табақшаның массасын стрелкаға қарама-қарсы тұрған шкаладан анықтайды. Таразының өлшеу шегіне және әрбір бөліктің мөлшеріне көңіл бөліңіздер.
5 Зертханалық жұмыс.
Эмульсиялар алу және олардың кейбір қасиеттері.
1 - т ә ж і р и б е:
Көлемі 50 мл цилиндрге 20 мл дист.су және 5 мл бензол құйып, қатты шайқап араластырады. 2-3 минут өткен соң ыдыстағы қоспаның жіктелгенін байқайды. Онан соң оған 2-4 мл 3% сабын ерітіндісін қосып, тағы қатты шайқап араластырады. 2-3 минуттан соң қоспада не байқалады? Жіктелу бола ма? Даяр эмульсиядан шыныға бірер тамшы тамызып, микроскоппен қарайды. Эмульсия түрінің суретін салады. Алынған эмульсияның қандай типке (М/С немесе С/М) жататынын анықтайды.
Цилиндрдегі қалған эмульсияға 2 мл 2% СаCl2 ерітіндісін қосып, шайқайды. Онан соң шыны пластинкаға 2-3 тамшы эмульсия тамызып, оның суретін салады. Алынған эмульсияның қандай типке жататынын анықтайды.
2 - т ә ж і р и б е:
Пробиркаға 10 мл 1 % машина майының ацетондағы ерітіндісін дайындайды. Колбаға 20 мл дистилденген су құйып, ацетондағы машина майының ерітіндісінен 4-5 тамшы тамызып, араластырады. Май суда ерімейді. Коллоидты ерітінді алынады. Даяр болған қоспадан үш пробиркаға 5 мл су құйып, олар лайланғанша бірінші пробиркаға 0,1 M NaCl екінші пробиркаға 0,025 M BaCl2 және үшінші пробиркаға 0,001 M AlCl3 ерітінділерін пипеткамен тамшылатып қосады. Әрбір ерітінді үшін электролиттің ұйыту қабілетін анықтайд. Шульце-Гарди ережесі орындала ма, соған көңіл аудару керек.

6 Зертханалық жұмыс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет