Жұмыстың нәтижесін өңдеу және безендіру Бірінші және екінші тәжірибедегі тізбектің 1теор. және 2теор уақыт тұрақтыларының теориялық мәндерін есептеу, сонымен қатар тізбектің нақты көрсеткіштерін пайдалана отырып 1теор. және 2теор. сөну коэффицентінде анықтау (1.3 кесте), оларды салыстыру, R кедергі мәнінің немесе С сыйымдылықтың тізбектің уақыт тұрақтысына әсерін талдау, және сәйкесінше өтпелі кезеңнің жылдамдығына 1% (4,6) дәлдікпен конденсатордың шығу уақытын анықтаңыз.
Бірінші және екінші тәжірибедегі uC(t) кернеу қисығының бейнесінен тізбектің 1тәж. және 2тәж. уақыт тұрақтысының тәжірибелік мәнін анықтау, сонымен қатар 1тәж. және 2тәж. сөну коэффицентінде анықтау. Алынған мәндерді теориялық мәндермен салыстырып, қорытынды жасау.
Бірінші тәжірибе тізбегінің нақты параметрлері негізінде uC(t), uR(t)кернеулердің және iC(t) токтарының өзгеру заңдарын есептеу.
Бірінші тәжірибенің uC(t) және uR(t) есептік және тәжірибелік тәуелділіктерін бір сызбада көрсету.
Әдістемелік нұсқау Уақыт шкаласының өлшемі электронды кілт (ЭК) жабылатын және ашылатын f = 50 Гц жиілігімен және периодымен анықталынады:
Тізбектің уақыт тұрақтысының тәжірибелік мәні тәж.осцилографтан алынған uС(t) кернеу қисығынан RC-тізбегі үшін жанама ретінде анықталынады (1.3 сурет). Электронды кілттің жабық күйінің уақыт аралығы 10 мс құрайды.
1.3 сурет – uc(t) қисығындағы тізбектің уақыт тұрақтысын анықтау