Зертханалық жұмыс №1 Сызықтық программалар Мақсаты



бет12/24
Дата13.04.2023
өлшемі1,29 Mb.
#82527
түріПрограмма
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24

Зертханалық жұмыс №8


Қосымшада бірнеше формаларды қолдану. Форма шаблондары


Мақсаты: Form класымен танысу, қасиеттері, әдістері, оқиғалары және қосымшада бірнеше формаларды қолданып қосымша құру.


Негізгі ұғымдар. Форманың қасиеттері:Name – форма аты.Location –форманың бетіндегі компоненттің жағдайы. Size. Width – форманың ұзындығы.Size. Height – форманың биіктігі.
FormBorderStyle – форма шегінің түрі. Font – форма бетінде орналасқан компоненттердің шрифтін анықтайды. BackColor – фонның түсі.
Бекіту мысалы. Екі формадан тұратын қосымша құрыңыз. Бірінші формада ағымдық бақылауға арналған тестілеу жүйесін құрыңыз. Екінші формада тестілеу нәтижесі бейнеленсін.




  1. сурет. Тестілеу формасы

Негізгі коды:


Тест нәтижесі, мысалы rt=45; public int Rt;
public int GetRt()
{ return Rt; }
private void button2_Click(object sender, EventArgs e)
{
Rt = 45;
f2.Show(this);
}

private void frm2_Load(object sender, EventArgs e)


{
Form1 f1 = (Form1)this.Owner; button1.Text = "gauabi=" + f1.GetRt();
}


Бақылау сұрақтары


    1. Form класы қалай анықталады?

    2. Формалар арасында байланыс құруды түсіндіріңіз.

    3. Form класы негізгі әдістерін анықтаңыз.

Ӛзіндік жұмыс тапсырмалары


  1. Бас формадан (стандарт форма) №2 лабораториялық жұмыстың формасына кӛшуге болады. №2 лабораториялық жұмыстың формасынан қосымшаның бас формасына қайтып оралуға мүмкіншілік бар. Бас форма жұмыс істеп тұрғанда қосымшаның жұмысын аяқтау керек.

  2. Aboutbox формасынан №2 лабораториялық жұмыстың формасына кӛшуге мүмкіндік бар. №2 лабораториялық жұмыстың формасынан Aboutbox формасына да кӛшуге болады. Екі формада да қосымшаның жұмысын тоқтату мүмкіндігі болуы керек. Форманың стилі шығарылатын есепке сәйкес таңдалуы керек.

  3. Қосымшаның жұмысы пароль енгізуден басталуы керек. Пароль дұрыс енгізілген жағдайда келесі формаға кӛшу керек. Бұл форма №1 лабораториялық жұмысты не №2 лабораториялық жұмысты таңдауға мүмкіншілік береді.

Тек таңдалған форма ғана экранда көрініп тұруы керек. Таңдалған форма ғана жұмысты аяқтай алсын. Лабораториялық жұмыстың формасы рамкасыз және тақырыпсыз тікбұрыш түрінде болсын.

  1. Қосымшаның жұмысы пароль енгізілуден басталсын. Формалармен жұмыс жасағанда бір-біріне кӛшу мүмкіндігі болсын. Жұмыс барысында экранда бір форма ғана кӛрінетін болсын. Лабораториялық жұмыстың формалары қосымшаның жұмысын аяқтасын.

  2. Бас формада 1.№2 лабораториялық жұмысты;2. №4 лабораториялық жұмысты; 3. жұмыс соңын таңдауға мүмкіндік берсін. Әр лабораториялық жұмыстан бас формаға оралуды ұйымдастыру керек. Қосымшаның жұмысын аяқтау мүмкіндігі бас формада орындалсын.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет