Негізгі ұғымдар. menuStrip1, contextmenuStrip1, toolStrip1 компоненттері және олардың әдістері мен оқиғалары.
Бекіту мысалдары.
Мысал 1. А бүтін саны берілген. Берілген а санын екілік санау жүйесіне аударатын, цифрлар санын және санның цифрларының қосындысын анықтайтын программа құру керек.
Алгоритмнің әр бӛлігін меню пункттері ретінде анықтаймыз. Негізгі меню үш пункттен тұрады: 1-берілген а санын екілік санау жүйесіне аударады; 2- санның цифрлар санын анықтайды; 3- санның цифрлар қосындысын анықтайды. Формаға menuStrip1, textbox1, textbox2 компоненттерін орналастырамыз.
Программа коды:
private void ekilikToolStripMenuItem_Click(object sender, EventArgs e)
//санды екілік санау жүйесіне аудару
{ int a,b,i,j=0; int[] ekl = new int[20];
a = int.Parse(textBox1.Text); while (a >= 2)
{
b = a % 2; ekl[j] = b;
a = (int)(a / 2); j++;
}
ekl[j ] = 1;
for (i = j; i >=0; i--)
textBox2.Text = textBox2.Text+ ekl[i].ToString(); }
Берілген санды екілік санау жүйесіне аудару алгоритмі 25 суретте кӛрсетілген.
25 сурет. Программаның орындалуы
private void sifrlarSaniToolStripMenuItem_Click(object sender, EventArgs e)
{ // берілген санның цифрлар санын анықтау int b,a, s = 0;
a = int.Parse(textBox1.Text); while (a >0)
{
b = a % 10; s++;
a = (int)(a / 10);
}
textBox2.Text = "sifr sani s="+s.ToString(); }
26 сурет. Санның цифрлар санын анықтау
private void sifrlarKoToolStripMenuItem_Click(object sender, EventArgs e)
{// берілген санның цифрларының қосындысын анықтау int b, a, s = 0;
a = int.Parse(textBox1.Text); while (a > 0)
{
b = a % 10;
s=s+b;
a = (int)(a / 10);
}
textBox2.Text = "sifr kosindi - s=" + s.ToString(); }
27 сурет. Санның цифрларының қосындысы
Мысал2. 1 мысалдағы есеп алгоритміне контексттік менюді(кӛмекші) қолданып шығару. Формаға contextmenuStrip1, textbox1, textbox2 компоненттерін орналастырамыз. Меню пункттерін алдыңғы есептегідей анықтап сәйкес кодтарын жазамыз. Құрылған контексттік менюді бір компоненттпен байланыстыруымыз қажет. Біз формамен байланыстырамыз, яғни формаға тышқан кнопкасының оң жағын басқанда контексттік меню пайда болады. Форманың contextmenu қасиетіне contextmenuStrip1 элементін таңдаймыз. Программа коды жоғарыда келтірілген. Программаны орындауға жібереміз. Формаға тышқан кнопкасының оң жағын басқанда контексттік меню пайда болады және ашылған менюден қажетті пунктті таңдаймыз.
Программаның орындалуы 28 суретте кӛрсетілген.
28 сурет. Контексттік менюді қолдану
Достарыңызбен бөлісу: |