Зертханалық жұмыс №1 Сызықтық программалар Мақсаты



бет16/24
Дата13.04.2023
өлшемі1,29 Mb.
#82527
түріПрограмма
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24
Байланысты:
С# лаборатория -конвертирован

Мысал 3. 1 мысалдағы есеп алгоритміне саймандар панелін (toolStrip1) қолданып шығару. Формаға toolStrip1 компонентін орналастырамыз. Саймандар панелінің кнопкаларын контексттік менюдің button пункті арқылы анықтап, яғни үш кнопка қосамыз. Кнопкалардың сәйкес суреттерін тағайындаймыз. Сәйкес кнопканы белгілеп Image қасиетін таңдаймыз. Ашылған Select Resource терезесінен Import кнопкасын басып керек суретті жүктейміз. Саймандар панелінің кнопкаларының сәйкес оқиғаларын жазамыз. Біздің мысалда алдыңғы құрылған оқиғалармен байланыстыру жеткілікті. Бірінші кнопканы белгілейміз. Бұл кнопканың Click оқиғасын ekilikToolStripMenuItem_Click оқиғасымен, екінші кнопканың Click оқиғасын sifrlarKoToolStripMenuItem_Click оқиғасымен, үшінші кнопканың Click оқиғасын sifrlarSaniToolStripMenuItem_Click оқиғасымен байланыстырамыз. Берілген санға амалдарды саймандар панелінің кӛмегімен орындаймыз. Формаға textbox1, textbox2 компоненттерін орналастырамыз. Программаны орындауға жібереміз. Бастапқы санды textbox1 компонентіне енгізіп керек амалды саймандар панелінен таңдаймыз. Программаның орындалуы 29 суретте кӛрсетілген. Мұнда бастапқы санның цифрлар қосындысы есептелінген.



29 сурет. Саймандар панелін қолдану


Бақылау сұрақтары


  1. menuStrip1, contextmenuStrip1 компоненттерінің негізгі қасиеттері мен әдістерін атаңыз?.

  2. toolStrip1 компоненті кнопкаларына суретті жүктеу принципін түсіндіріңіз.

  3. Контексттік менюді басқа компоненттермен байланыстыру принципін түсіндіріңіз.



Ӛзіндік жұмыс тапсырмалары


  1. Input, Calc, Exit командалары бар меню құрыңыз. Input командасын таңдағанда бастапқы мәндер енгізіліп өрнек мәні есептеледі. Calc командасын таңдағанда нәтижелер бейнеленген диалогтік терезе ашылады. Exit командасын таңдағанда қосымша жұмысы аяқталады.

  2. Input, Calc, Exit кнопкалары бар саймандар панелін құрыңыз. Input командасын таңдағанда екі аргументке тәуелді функцияның бастапқы мәндері енгізіліп функция мәні есептеледі. Calc командасын таңдағанда нәтижелер бейнеленген диалогтік терезе ашылады. Exit командасын таңдағанда қосымша жұмысы аяқталады.

  3. Input, Calc, Quit командалары бар меню құрыңыз. Input командасын таңдағанда мына мәліметтері бар форма ашылады: үшбұрыштың үш қабырғасының мәндерін енгізуге арналған үш textbox ӛрістері; таңдауға арналған екі CheckBox кнопкасы(аудан және периметр); button кнопкасы . Таңдалған режимге байланысты аудан немесе периметр есептеледі. Calc командасын таңдағанда нәтижелер бейнеленген диалогтік терезе ашылады. Quit командасын таңдағанда қосымша жұмысы аяқталады.

  4. Input, Calc, Quit кнопкалары бар саймандар панелін құрыңыз. Input командасын таңдағанда мына мәліметтері бар форма ашылады: үш бүтін сан мәндерін енгізуге арналған үш textbox ӛрістері; таңдауға арналған екі CheckBox кнопкасы(ең үлкені және ең кішісі) ); button кнопкасы. Таңдалған режимге байланысты ең үлкен сан немесе ең кіші сан есептеледі. Calc командасын таңдағанда нәтижелер бейнеленген диалогтік терезе ашылады. Quit командасын таңдағанда қосымша жұмысы аяқталады.

  5. Input, Calc, About кнопкалары бар саймандар панелін құрыңыз. Input командасын таңдағанда мына мәліметтері бар форма ашылады: бүтін сан мәнін енгізуге арналған textbox ӛрісі; таңдауға арналған екі CheckBox кнопкасы(екілік санау жүйесі және сегіздік санау жүйесі). ); button кнопкасы. Таңдалған режимге байланысты бастапқы санды екілік санау жүйесіне немесе сегіздік санау жүйесіне аударады. Calc командасын таңдағанда нәтижелер бейнеленген диалогтік терезе ашылады. About командасын таңдағанда есеп варианты және программаны құрған автор туралы мәліметтері бар диалогтік терезе ашылады.

  6. Input, Calc, Quit командалары бар меню құрыңыз. Input командасын таңдағанда мына мәліметтері бар форма ашылады: тӛрт бүтін санның мәндерін енгізуге арналған тӛрт textbox ӛрістері; таңдауға арналған екі CheckBox кнопкасы(арифметикалық ортасы және геометриялық ортасы); button кнопкасы . Таңдалған режимге байланысты сандардың арифметикалық ортасы немесе мгеометриялық ортасының мәні есептеледі. Calc командасын

таңдағанда нәтижелер бейнеленген диалогтік терезе ашылады. Quit командасын таңдағанда қосымша жұмысы аяқталады.

  1. Input, Show, Quit командалары бар меню құрыңыз. Input командасын таңдағанда мына мәліметтері бар форма ашылады: Екі нүктенің координаталарының мәндерін енгізуге арналған тӛрт textbox ӛрістері; таңдауға арналған екі CheckBox кнопкасы(екі нүктені қосатын кесінді ұзындығы және бұрыштық коэффициенті); button кнопкасы . Таңдалған режимге байланысты екі нүктені қосатын кесінді ұзындығы және бұрыштық коэффициенті есептеледі. Show командасын таңдағанда нәтижелер бейнеленген диалогтік терезе ашылады. Quit командасын таңдағанда қосымша жұмысы аяқталады.




  1. Input, About, Quit командалары бар меню құрыңыз. Input командасын таңдағанда мына мәліметтері бар форма ашылады: Үш textbox ӛрістері; button кнопкасы. Тенге мәнін енгізгенде сәйкес евро мен долларға аудару есептеледі. About командасын таңдағанда программа құрушы туралы мәлімет бейнеленген диалогтік терезе ашылады. Quit командасын таңдағанда қосымша жұмысы аяқталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет