Зертханалық жұмыс 1 Тақырыбы: Есептеу жүйесі Мақсаты: берілген дәл ондық сандарды санаудың әртүрлі жүйелеріне аударуды үйрену. Жалпы мәліметтер



бет2/4
Дата13.02.2023
өлшемі26,13 Kb.
#67618
1   2   3   4
Ондық санау жүйесі. Бұл жүйеде санды жазу үшін он цифр қолданылады: 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9.
Ондық жүйе позициялық болып табылады, өйткені ондық санды жазуда цифрдың мәні оның позициясына немесе санда орналасқан орнына байланысты.
Санның цифрына бөлінетін позицияны разряд деп атайды. Мысалы, 425 жазуы 4 жүздіктен, 2 ондықтан және 5 бірліктен тұратын сан екенін білдіреді. 5 цифрі — бірліктер разрядында, 2-ондықтар разрядында, 4-жүздіктер разрядында тұрады. Егер осы цифрларды басқа ретте жазатын болсақ, мысалы, 524, онда сан 5 жүздіктен, 2 ондықтан жѕне 4 бірліктен тұрады.
Бұл кезде 5 үлкендеу салмақты болады және санның үлкен цифры деп аталады, ал 4 цифры кішкене салмақты болады да, осы санның кішкентай цифрф деп аталады. Егер 524 санын қосынды түрінде жазатын болсақ: 5*102+2*101+4*100
Егер сан ондық бөлшек болса, онда ол да қосынды түрінде оңай жазылады. Әр цифрдың бөлшек бөлігі үшін негіздеуші дәреже теріс.
Мысалы, 384,9506 ондық саны мынадай қосындымен белгіленеді:
384,9506=3*102+8*101+4*100+9*10-1+5*10-2+0*10-3+6*10-4
Екілік санау жүйесі. Компьютерде әдетте ондық емес позициялық екілік санау жүйесі, яғни 2 негіздеуші бар санау жүйесі қолданылады.Екілік жүйеде кез келген сан екі 0 және 1 цифрларының көмегімен жазылады және екілік сан деп аталады. мысалы, 110101,1112.
Ондық сандар сияқты, кез келген екілік санды екілік санға кіретін цифрлар салмағыныњ айырмашылығын анық бейнелейтін қосынды түрінде жазуға болады. Бұл қосындыда негіздеуші ретінде 2 санын қолдануға болады. Мысалы, 1010101,101 екілік сан үшін қосынды мына түрде болады:
1*26+0*25+1*24+0*23+1*22+0*21+1*20+1*2-1+0*2-2+1*2-3
Бұл қосынды ондық сан үшін жазылған қосындының ережесі бойынша жазылады. Берілген мысалда екілік сан жетісанды бүтін және үшсанды бөлшек бөліктерінен тұрады. Сондықтан бүтін бөліктің үлкен цифры, яғни 27-1=26 -ға көбейтіледі, бүтін бөліктің нөлге тең келесі саны, 25-ке көбейтіледі және т.с.с. Осы қосындыда ондық жүйенің ережесі бойынша арифметикалық операцияларды орындай отырып, 85,625 санын аламыз. 1010101,1012=85,62510.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет