Ашылған терезеде байланыстың қай түрі орнайтынын тағайындау.
Аccess программасы мәліметтер біртұтастығын қалай қамтамасыз ететінін зерттеу.
Мәліметтер схемасын сақтау.
Бақылау сұрақтары: Мәліметтер схемасы не үшін қажет?
Белгілі бір саладағы объектілер арасында байланыстың қандай түрлері болады?
Аccess-те қандай байланыстар қолданылады?
Біріктіру байланысы дегеніміз не?
Біріктіру байланысын қалай орнатуға болады?
Аccess-те мәліметтер схемасын жасаудың қандай түрлері бар?
Мәліметтердің біртұтастығы деген не?
Аccess-те мәліметтердің біртұтастығы қалай сүйемелденеді?
Аccess-те кестелер арасындағы байланыс қалай орнатылады?
«Байланыс» терезесінде қандай әрекеттер орындауға болады?
Аccess-те орантылған байланысты қалай жоюға болады?
Аccess-те орнатылған байланысты қалай өзгертуге болады?
«Мәліметтердің біртұтастығын қамтамасыз ету» жалаушасы не үшін қажет?
«Байланысқан өрістерді каскадты түрде жаңарту» жалаушасы не үшін қажет?
«Байланысқан жазбаларды каскадты түрде жою» жалаушасы не үшін керек?
Мәліметтер схемасына жаңа кестені қалай қосуға болады?
Мәліметтер схемасындағы кестені қалай жоюға болады?
Зертханалық жұмыс №4 Тақырып: "СҰРАНЫСТАР ҚҰРУ" Жұмыстың мақсаты: сұраныстарды құру тәсілдерін зерттеу, сұраныстар үшін Конструктор режиміндегі жұмыс тәсілдерін меңгеру, айқасқан сұраныстар құруды үйрену.
6.1 Сұраныстар жасау Сұраныстарды қолдану МБ-нан ақпараттарды алудың ең жылдам тәсілі болып табылады. Сұраныс бір немесе бірнеше өзара байланысқан кестелерден керекті мәліметтерді таңдап алуға, есептеулер жүргізуге және нәтижелерді кесте түрінде алуға мүмкіндік береді. Access-те тұтынушыға қолайлы болып саналатын үлгі бойынша сұраныстар қалыптастыру – QBE (Query By Example) мүмкіндігі бар, оның көмегімен күрделі сұраныстарды оңай құрастыруға болады. Сұранысты бастапқы МБ кестелері арқылы, басқа сұраныстар нәтижесінде алынған кестелер және құрылған сұраныстар негізінде де тұрғызуға болады. QBE сұраныстары пайдаланылатын кестелер мен сұраныс бланкы бар мәліметтер схемасынан тұрады. Сұраныстар құру үшін мәліметтер схемасында көрсетілген кестелердің керекті өрістерін тышқан арқылы белгілеп алып, сұраныс бланкына тасымалдап, жазбаларды таңдап алу шарттарын енгізсе болғаны. Әрбір кесте өрістері тізімінің бірінші орнында «кестенің барлық өрістері» деген мағынаны білдіретін * символы бар, оны таңдасақ, сұранысқа барлық өрістер енгізілетін болады.
Сұраныс құру үшін «Сұраныстар» («Запросы») парақшасындағы Жасау (Создать) батырмасын шерту керек. Сондағы сұраныстарды жасау режимін таңдау терезесі 69-суретте көрсетілген.