Мәтін енгізу Тапсырма 1 A1:E3 ұялар диопозонына төменде көрсетілген кестені теріңіз.
A
B
C
D
E
1
Excel-дегі
Мәтін
м ә т і н
Мәтін
мӘтін
2
мәтінді
3
Туралау
Әдістемелік нұсқау. B1:B3, C1:C3, D1:D3, E1:E3 ұяларын біріктіріп оларға қажет мәтінді енгізіңіз. Мәтіндерді түрлі әдістермен әртүрлі форматта орналастырыңыз.
Ұяларды біріктіру үшін Формат – Ұялар (Формат – Ячейки) командасын орындап Туралау (Выравнивание) парақшасында Ұяларды біріктіру (Объединение ячеек) жалаушасын орнатыңыз.
Ұялардағы мәтінді қажет бағыта орналастыру үшін Формат – Ұялар (Формат – Ячейки) командасын орындап, Туралау (Выравнивание) парақшасынның Бағыт (Ориентация) бөлігінен қажет бағытты таңдаңыз.
Мәтінді форматтау үшін Формат – Ұялар – Қаріп (Формат – Ячейки –Шрифт) командасын, ал ұя жақтауларын сызу үшін Формат – Ұялар – Шекара (Формат – Ячейки – Граница) командаларын пайдаланыңыз.
Тапсырма 2 Жұмыс кітабының 2-ші парағының А1 ұясына мәтінді енгізіп төмендегідей етіп форматтаңыз:
EXCEL ЭлектронДы процессорЫ КЕСТЕ ТҮРІНДЕ БЕРІЛГЕН МӘНДЕРДІ өңдеуге арналған. Әдістемелік нұсқау. Ұядағы мәтінді бірнеше жолға жазу үшін ALT + ENTER пернелерін қатар басыңыз немесе Формат – Ұялар (Формат – Ячейки) командасын орындап Туралау (Выравнивание) парақшасында Сөздерді тасмалдау (Переносить по словам) жалаушасын орнатыңыз.
Тапсырма 3 Жұмыс кітабының 3-ші парағында төмендегі кестені енгізіңіз:
ТОП СТУДЕНТТЕРІНІҢ ТІЗІМІ
р/с
Аты-жөні
Туылған жылы
Орташа балл
Асқарұлы Б.
12.05.1982
7,0
Сәрсембаев Б.А.
23.07.1981
8,0
3.
Салғараева Г.И.
01.12.1982
7,5
Топ бойынша орташа балл 7.5
Әдістемелік нұсқау. Кестенің бірінші, екінші және соңғы жолдарындағы ұяларды біріктіру үшін қажет ұяларды белгілеп аспаптар тақтасындағы біріктіру (объединить) батырмасына шертіңіз.
Ағымдағы мерзім мен уақытты енгізу үшін функция батырмасын басып, Мерзім және уақыт категориясын таңдап ТДАТА() басамыз.
Ұя жақтауларын сызу үшін аспаптар тақтасындағы Шекара (Границы) батырмасын пайдаланыңыз.
Ұяларды бояу үшін Формат – Ұялар (Формат – ячейки) командасының Түр (Вид) парақшасын немесе аспаптар тақтасының бояу түрі (цвет заливки) батырмасын пайдаланыңыз.
Т апсырма 4 Жұмыс кітабының 4-ші парағында:
а) A1:A12 ұяларына қаңтардан бастап барлық ай аттарын жазыңыз.
ә) B1:G1 ұяларына екінші жартыжылдықтың барлық ай аттарын жазыңыз.
б) A13:G13 ұяларына апта күндерінің аттарын жазыңыз.
Әдістемелік нұсқау Бірінші мәнді енгізіп, қалған мәндерді енгізу үшін автотолтыру маркерін қолданыңыз (екпінді ұяның немесе белгіленген блоктың оң жақ төменгі бұрышында орналасқан кішкене квадрат).
Сандық мәндерді енгізу және толтыру Тапсырма 5 Жұмыс кітабының 5-ші парағында:
С1 ұясына 125,6 санын енгізіңіз. Осы ұяның мәнін C2, C3, С4, С5 ұяларына көшіріңіз және С1 ұясын сандық, С2 ұясын экспоненциалды, С3 ұясын мәтіндік, С4 ұясын мерзімдік, С5 ұясын бөлшек форматта (пішімде) бейнелеңіз;
Оң сандар жасыл түспен шығатындай, ал теріс сандар қызыл түспен, нөлдік сандар – көк, мәтіндік ақпараттар сары түспен шығатындай етіп С6 ұясына формат енгізіңіз.
A1:A10 ұяшықтар диапазонын D1:D10 ұяшықтар диапазонына көшіріп, мәндерін екі есеге үлкейтіп жазыңыз. Жаңа диапазон үшін бөлшек формат орнатыңыз;
Калькулятордың көмегімен орта мәнді, сандардың санын, мәндер саны және А1:А10 диапазонының ең кіші мәнін тауып, табылған мәндерді 15-ші қатарға жазыңыз.