Зертханалық жúмыс №1



бет102/136
Дата15.12.2023
өлшемі8,58 Mb.
#137961
түріҚұрамы
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   136
Құжатты баспаға шығару
Ағымдағы құжатты баспаға шығару үшiн:
1. Қажеттi құжат экранға шығарылады (ашылады);
2. Файл - Баспаға шығару командасын орындаймыз немесе Ctrl+Shift+F12 пернелер комбинациясын басамыз, сонда “Баспаға шығару” сұхбат терезесi ашылады.
3. Егер ешқандай параметрлер өзгертiлмейтiндей болса, ОК батырмасын шертемiз.
Баспаға шығару барысында Windows жүйесiнiң Тапсырмалар тақтасындағы принтердiң шартбелгiсi көрсетiлiп тұрады. Баспаға шығаруды болдыртпау үшiн, тышқанды принтер шартбелгiсiне жеткiзiп, оны екi рет шерту керек. Соның нәтижесiнде, экранға шыққан сұхбат терезесi арқылы Құжат-Баспаға шығаруды болдырмау (Документ-Отменить печать) командасы арқылы баспаға шығаруды болдырмауға мүмкiндiк бередi. Баспаға шығару терезесiн жабу үшiн Принтер-Жабу (Принтер-Закрыть) командасын орындаймыз.

12.2-сурет. “Баспаға шығару” сұхбат терезесi.


Баспаға құжаттың бiрнеше көшiрмесiн шығару үшін Файл - Баспаға шығару командасын орындап, “Көшiрмелер” (Копии) бөлiмiндегi Көшiрмелердiң саны (число копии) өрiсiне құжаттың қажеттi көшiрмелер санын тiкелей енгiземiз.


Тапсырмалар
1. Мәтіндік редакторда жазылған құжатты ашыңыз. Алдын ала көру режиміне көшіп, неше беттен тұратын құжат екенін анықтаңыз.
2. Осы режимде отырып “Подгонка страницы” белгішесін таңдап, бірінші беттің соңына “Ас - тұзбен дәмді, су – мұзбен дәмді, ал адамзат салиқалы, саналы сөзімен сәнді” деген нақыл сөзді теріп жазыңыз да, басқа атпен файл ретінде сақтап жазыңыз.
3. Мәтінге өзіңізге ұнаған кез келген графикалық объект енгізіңіз.
4. Құжаттың беттерін нөмірлеңіз. Бірінші жұп беттерін, одан кейін екінші жағына тақ беттерін баспаға шығарыңыз.
5. Құжаттың тек бесінші бетін баспаға шығарыңыз.
6. Құжаттың 3, 6, 9 беттерін баспаға шығарыңыз.
7. Құжат туралы қосымша мәліметтерді баспаға шығарыңыз.


Студенттің өзіндік оқытушымен жұмыстары
1.

2. Принтерді баптау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет