Бақылау сұрақтары Каталог және ішкі каталог дегендеріміз не?
Жаңа каталог, ішкі каталог қайтіп құрылады?
Каталогтің мазмұнын көру командасы?
Бір каталогтан екінші каталогқа көшу командасы?
Каталогті жою командасы?
Жаңа уақыт енгізу командасы?
Күн, ай, жыл мерзімін көрсету, жөндеу командасы?
Компьютерлік вирустар және архивтеу программары(вирусқа қарсы программалар, архиваторлар. (4 сағат зертханалық жұмыс, 1 сағат СӨОЖ) Жұмыстың мақсаты: Ақпаратты сығу. Архиватормен жұмыс істеудің негізгі әдістері мен дағдысын, Kaspersky Anti-Virus, NOD 32 антивирустық программасымен жұмыс жасап үйрену. -дискіні дефрагментациялау;
-файлдарды архивтеу және қалпына келтіру іс-әрекеттерін орындап үйрену.
Антивирустық сканер Kaspersky Anti-Virus Scanner-компьютерлік вирустарды тексеруге және олармен күресуге арналған программа.Программаны іске қосу тәсілдері:
Windows-тың негізгі менюінен;
Kaspersky AV Control Centre;
команда жолынан
Программаны ең жылдам іске қосу тәсілі- Windows-тың негізгі менюінен немесе Іске қосу-Программалар- Kaspersky Anti-Virus және Kaspersky Anti-Virus Scanner арқылы іске қосыңыз.Осыдан кейін экранда 1- суретте көрсетілгендей программаның терезесі ашылады.
Программаны іске қосудың басқа тәсілі- арнайы мақсат жасау үшін, яғни белгілі бір уақытта және айқын күйге келтіру үшін Kaspersky AV Control Centre-ден қосылады.
1- сурет.
Командалық жолмен Kaspersky Anti-Virus Scanner-ді іске қосу үшін, бас менюдегі Орындау (Выполнить) командасын орындағаннан кейін, ашылған диалогтық терезе avp 32.exe модулінің орындалуына толық жол ашуға мүмкіндік береді.
Вирустарды іздеу және өшіру Сканерлеу облыстарын таңдау Объектілер ішкі (астарлы) беті сканерлеу облыстарын таңдау үшін қызмет етеді және объектілерді сканерлеуге арналған.
Мысалы, сіздер А дискісін сканерлеу үшін таңдадыңыздар, бірақ сіздер D, C, бумаларының тексерілгенін қаламайсыздар.Бұл жағдайда C ,D, B дискілерінің индикатор қанат белгісін алып тастай аласыздар.Одан кейін Сканерлеу- Сканерлеуді бастау командаларын орындап немесе меню қатарынан Сканерлеу батырмасын басу керек.
Вирус табылған жағдайдағы әрекет- зақымдалған немесе күдікті объектілер табылған кезде олармен орындалатын іс-әрекеттер:
Тек қана нәтиже(Только отчет)- вирус табылған объект және сол вирус жөніндегі мәліметтер, яғни жұмыстың нәтижелік есебін береді.
Емдеу(Лечить)- барлық зақымдалған объектілерді алдын-ала сауалсыз емдеуге тырысады.Зақымдалған объектіні емдеу нәтижесінде объектідегі вирус өшіріліп, объектінің өзі түпнұсқасына сәйкес қалыпқа келтіріледі.