8. Тапсырма.
3,5(А:) дискетасын вирусқа тексеріңіз.
Windows ортасында дискімен жұмыс істеу программалары
Дискіні тазалау
Дискіні тазалау бағдарламасы керексіз файлдарды табуға және оларды жоюға , қатты дискідегі орынды азат етуге мүмкіндік береді.Қатты дискіде бос орын жетпегенде,оның терезесі экранда көрінеді.
Бағдарламаны іске қосу үшін , Іске қосу-Бағдарламалар - Стандарттылар - Қызмет пункті- Дискіні тазалау командасын таңдаңыздар.Экранда керексіз файлдарды жоятын, дискіні таңдау терезесі пайда болады.
К еректі дискіні таңдағаннан кейін, ОК батырмасын шерткенде 1- суретте көрсетілген терезе пайда болады. Бағдарламаны іске қосудың басқа тәсілі-Менің компьютерім немесе Сілтеуіш терезелерін ашып, контекстік менюден керексіз дискінің Қасиет командасын таңдау қажет.Жалпы (Общие) қосымшасы нан Дискіні тазалау батырмасын шерту керек.
Дискіні тазалау қосымшасында файлдардың аттары және Интернеттен толтырылған уақытша файлдар бейнеленген болады. Өшіру (Удалить) тізіміндегі файлдардың суреттелуі Суреттеу(Описание) рамкасындағы суреттеумен тура келеді.
1-сурет. Дискіні тазалау сұхбат терезесі
Егер сіздер тізімнен Қоржынды (Корзина) ерекшелеп, Файлдарды қарау (Просмотреть файлы) батырмасын
бассаңыз, онда қоржында қандай файлдар орналастырылғанына көз жеткізесіз.
Қосымша (Дополнительно) қосымшасын ашып, Windows пен бағдарламалардың қолданылмайтын компоненттерін өшіру арқылы дискіде бос орын азат етуге болады.
Дискіні дефрагментациялау
Бұл программаны іске қосу үшін: Бас меню: Программалар-Стандарттар-Қызмет ету программалары -Дискіні дефрагментациялау (Defrag) қатарларын таңдаймыз.2- суретте көрсетілгендей экранда –Дискіні дефрагментациялау сұхбат терезесі пайда болады.
2-сурет. Дискіні дефрагментациялау терезесі
Терезенің жоғарғы бөлігінен керекті дискіні таңдау және Дефрагментациялау бсатырмасын басу керек. Ал төменгі бөлгінен талдау нәтижелері және дефрагментациялауды көрнекті бейнелеп көрсетіледі. Дискінің дефрагментациялауды
орындамас бұрын, Талдау (Анализ) батырасын басу арқылы осы операцияға қаншалықты уақыт керектігін білуге болады. Дефрагментациялау әрекетінің ұзақтығы бірнеше факторларға, мысалы дискінің көлеміне, оның жүктелу дәрежесіне тәуелді.
Достарыңызбен бөлісу: |