Құжатқа суретті қою Word-тың көмегімен құжатқа графикалық программаларда жасалған суреттерді енгізе отырып, иллюстрация жасауға болады. Суретті құжат мәтініне, жазбаға немесе кестеге енгізуге болады. Құжатқа суретті енгізу келесі амалдардың бірі арқылы орындалады:
Енгізу Сурет (Вставка Рисунок) командасы.
Сурет жасау программасын іске қосыңыз және оны Windows – дың алмастыру буферіне көшіріңіз. Сонан кейін суретті алмастыру буферінен құжатқа қойыңыз.
Сурет енгізілген құжат өте көп орын алады. Құжатта сурет көшірмесін сақтамай-ақ құжат пен сурет орналасқан файл арасында байланыс жасау арқылы файлдың көлемін кішірейтуге болады. Бұл жағдайда Word құжатын әрбір ашқан сайын суретті көрсету үшін сурет орналасқан файлға кіру қажет. Байланыс Енгізу Сурет (Вставка Рисунок командасы арқылы орындалады. Суретті енгізу диалогтық терезесінде файлмен байланыс (связь с файлом) жалаушасын орнату және құжатта сақтау (хранить в документе) жалаушасын алып тастау қажет.
Сурет көлемін өзгерту Суретке тышқанды шертіп және тышқан көрсеткішін маркердің біреуіне апару қажет. Бұл жағдайда тышқан көрсеткіші қос бағытты бағыттауыш түріне айналады және оны қажетті көлемге дейін жылжытамыз. Суретті жылжыту тышқанның сол жақ батырмасын баса отырып орындалады. Барлық форматтау командалары Суретті форматтау (Форматирование рисунка) диалогтық терезесінде орналасқан. Суретті форматтау диалогтық терезесі Формат Сурет (Формат Рисунок) командасы арқылы ашылады. Оның көмегімен суретті форматтауға болады. Суретті өшіру үшін суретті белгілеп пернесін басу қажет.
WordArt объектілері WordArt жазбаларды, эмблемаларды, логотиптерді көркемдеуді орындай алады. WordArt объектісін шақыру Енгізу Сурет WordArt объектілері командасы арқылы орындалады.
Шыққан диалогтық терезеден (Коллекция WordArt) қажет жазба стилін таңдап және <ОК> батырмасын шерту қажет. WordArt объектілерін ерекшелегенде WordArt саймандар тақтасы шығады. Саймандар тақтасының батырмалары арқылы объектіні форматтауға болады.