Зертханалық жúмыс №1



бет69/136
Дата15.12.2023
өлшемі8,58 Mb.
#137961
түріҚұрамы
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   136
Байланысты:
Жаңа Лаборатория инф-2

1 тапсырма.
1. Жұмыс үстелінде орналасқан шартбелгілермен танысып, қарап шығыңыз.
3. Жұмыс үстеліндегі шартбелгілерді қалауыңызша орналастырыңыз. Ол үшін тышқан көрсеткішімен шартбелгіні нұсқап және оның сол жақ батырмасын басулы күйде ұстап тұрып қажетті бағытқа қарай тасымалдау керек.

2-сурет. Жұмыс үстелінің жанама мәзірі.
4. Кері әрекетті яғни, шартбелгілерді жұмыс үстелінің сол жағына қарай автоматты түрде жинаңыз. Жұмыс үстелінің жанама менюін шақырып Шартбелгілерді реттеу → Автоматты түрде (Упорядочить значки→ Автоматически) командасын орындаңыз.
5. Есеп тақтасын (Панель задач) шығыңыз. Бастау (Пуск) батырмасы арқылы Негізгі менюді ашып қараңыз. Есеп тақтасын Жұмыс үстелінің оң жағына тігінен орналастырып, қайта орнына әкеліңіз.
2 тапсырма.
1. Жұмыс үстелінің бос жерінде жанама менюді шақырып Құру→ Бума (Создать → Папку) командасын орындаңыз.
2. Құрылған жаңа бумаға Топ деген ат беріңіз, яғни пернетақтадан енгізіп, батырмасын басыңыз.
3. Құрылған буманы ашыңыз.
4. Ағымдық бумада тағы екі бума құрыңыз, оларға Жұмыс үстелі және Қосымша деген ат беріңіз.
5. Жұмыс үстелі бумасында Microsoft Word программасының құжатын құрып, оған Жауап деген ат беріңіз. Ол үшін бума терезінің бос жерінде жанама менюді шақырып, Құру→Microsoft Word құжатын (Создать→Документ Microsoft Word) командасын орындаңыз. Пернетақтадан құжаттың (файлдың) атын теріп, мысалы Жауап, батырмасына басыңыз.
6. Жауап құжатын ашып, өз жұмыс істеп отырған компьютердің Жұмыс үстелінің элементтерінің аттарын жазып шығыңыз.
7. Құжатты сақтаңыз, ол үшін Файл →Сақтау (Файл→Сохранить) командасын орындаңыз.
8. Қосымша бумасында Сурет деген нүктелік сурет файлын құрыңыз. Ол үшін жанама менюден Құру→Нүктелік сурет (Создать → Точечный рисунок) командасын орындаңыз.
9. Пернетақтадан файлдың атын теріп (Сурет), батырмасын басыңыз.
10. Сурет файлын ашып, оның бостығына көңіл аударыңыз, шаршының суретін салыңыз, оның ішіне үшбұрыш, шаршының сыртын шеңбермен қоршаңыз.
11. Файлдағы өзгерісті Файл → Сақтау (Файл → Сохранить) командасы арқылы сақтап қойыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет