3 тапсырма. 1. Жұмыс үстеліндегі Топ бумасын жойыңыз. Ол үшін Топ бумасын белгілеп алып, жанама менюден Жою командасын орындаңыз. Ашылған сұхбат терезесінде жою әрекетіңізді растаңыз.
2. Жойылған объектіні қалпына келтіріңіз. Ол үшін Себет (Корзина) бумасын ашыңыз, қажетті объектіні белгілеп алып, жанама менюден Қалпына келтіру (Восстановите) командасын орындаңыз.
3. Жұмыс үстеліндегі Топ бумасын жойыңыз. Ол үшін Топ бумасын белгілеп алып, Delete + Shift, батырмаларын қатар басыңыз. Қалпына келтіруге әрекеттеніңіз. Қалпына келтіруге бола ма, болмаса не себептен?
4 тапсырма. 1. Менің компьютерім (Мой компьютер) жүйелік бумасын ашыңыз. Ол үшін Менің компьютерім бумасының шартбелгісіне тышқанның сол жақ батырмасымен екі рет шертіңіз, немесе жанама менюден Ашу (Открыть) командасын таңдаңыз.
2. Терезені қарап шығызңыз және ондағы Тақырып жолы, Меню, Айналым жолақтарын(Строка заголовка, Меню, Полосы прокрутки) табыңыз.
3. Құрал саймандар тақтасын алып тастап, қайта шығарыңыз Меню→Түр→Құрал саймандар тақтасы (Меню→Вид→Панель инструментов). Курсормен әрбір батырманы нұсқап, қызметін анықтаңыз.
3-сурет. Жүйенің қасиеттері терезесі.
4. Менің компьютерім (Мой компьютер) бумасының жарлығын ерекшелеңіз. Жанама менюді шақырып Қасиеті (Свойства) пунктін таңдаңыз. Қасиеттер: Жүйе (Свойств: Система) терезесі пайда болады.
5. Жалпы (Общее) ішкі бетіндегі өз компьютеріңіз жайлы мәліметті түгел оқып шығызыз, жазып алыңыз.
6. Құрылым (Устройства) ішкі бетіне өтіңіз. Компьютеріңізге қандай құрылғылардың жалғанғанын қарап шығыңыз.
7. Қасиеттер (Свойства) терезесін жабыңыз.
5 тапсырма. 1. Жұмыс үстелінің бос аймағында тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз.
2. Жанама менюден Қасиеттер: Экран (Свойства Экран) командаларын орындап, Жұмыс үстелі (Рабочий стол) ішкі бетіне өтіңіз.
3. Фондық сурет (Фоновый рисунок) тізімінің ішінен өзіңізге ұнаған суретті таңдап <ОК> батырмасына басыңыз.
4. 1-3 пунктерді қайталап орындап, Фон ішкі бетіндегі Орналастыру (Расположить) ішкі астарлы беттегі Созу, Ортаға туралау, замостить (Растянуть, По центру и Рядом) командаларының айырмашылықтарын анықтаңыз.