6 тапсырма. 1. Тапсырма тақтасын (Панель задач) тақтасындағы Іске қосу (Пуск) батырмасына басыңыз.
2. Тышқан көрсеткішін Бағдарламалар (Программы) жолына нұсқап компьютеріңізде қандай бағдарламалар бар екенін оқып шығыңыз. Ішкі менюі бар командаларға назар аударыңыз.
3. Анықтама (Справка) жолын таңдаңыз.
4. Мазмұны (Содержание) ішкі бетіне өтіңіз.
5. Ұсынылған тақырыптардың ішінен Windows –та жұмыс істеу негіздері (Основы работы в Windows) тарауын таңдаңыз.
6. Бағдарлама нұсқауларына сүйене отырып жұмыс істеңіз.
7. Анықтама (Справка) терезесін жабыңыз.
7 тапсырма. 1. Менің компьютерім (Мой компьютер) терезесінде немесе Негізгі менюде (Главное меню) БаптауБасқару тақтасы) (Настройка Панель управления) командаларын орындаңыз.
2. Тышқан тетігі (Мышь) шартбелгісін ерекшелеңіз.
3. Программаны іске қосып, Тышқан батырмалары (Кнопки мыши) ішкі бетіне өтіңіз.
4. Егер сізге сол қолыңызбен жұмыс істеген ыңғайлы болса, Батырма қызметін ауыстыру (Обменять назначение кнопок) ауыстырып қосқышының тұсына қанат белгі қойып, Қолдану (Применить) командасын орындаңыз.
5. Нұсқаушылар (Указатели) ішкі бетіне өтіңіз. Келтірілген тізімді мұқият қарап шығыңыз.
6. Орын ауыстыру (Перемещение) ішкі бетіне өтіңіз. Егер тышқан бағыттауышы жылдамырақ жылжысын десеңіз Нұсқауғыштың орын ауыстыру жылдамдығы (Скорости перемещения указателя) белгісін оңға қарай жылжытыңыз.
7. Басқару тақтасы (Панель управления) және Тышқан (Мышь) терезелерін жабыңыз.
8 тапсырма. 1.Басқару тақтасы (Панели управления) терезесінде Пернетақта (Клавиатура) жарлығын таңдап, оны ашып, танысып шығыңыз.
4-сурет. Тілдер және мәтінді енгізу қызметтері.
2. Есеп тақтасындағы клавиатура индикаторының жанама менюін ашып одан Параметрлері (Параметры) бөлігін таңдап ашыңыз. Сонда Тілдер және мәтін енгізу қызметтері (Языки и службы текстового ввода) сұхбат терезесі ашылады. Параметрлер (Параметры) ішкі бетіне өтіңіз. Компьютеріңізде үнсіз келісім бойынша қандай тіл қолданылатын анықтаңыз.
3. Пернетақтаның параметрлері (Параметры клавиатуры) астарлы бетін ашып, қандай батырмалардың сәйкестігімен тіл режимі ауыстырылатын қараңыз. Әдетте <сол жақтағы Alt +Shift> батырмалары болады. батырмаларына ауыстырыңыз. Бұл мәтінмен жұмыс істегенде әрбір тілді ауыстыру қажеттігі болғанда тышқанмен ауыстырғанға қарағанда өте ыңғайлы.
4. Қолдану (Применить) басыңыз.
5. Тілдер және мәтін енгізу қызметтері (Языки и службы текстового ввода) сұхбат терезесінің Тілдер тақтасы (Языковая панель) астарлы бетіне өтіңіз. Сонда ашылған Тілдер тақтасының параметрлері (Параметры языковой панели) сұхбат терезесінде Тілдер тақтасын жұмыс үстеліне шығару (Отображать языковую панель на рабочем столе) өрісінде қанатбелгі жоқ болса, оны қойып ОК батырмасына басыңыз.
6. Жұмыс үстеліне (Рабочий стол) оралыңыз.