5- жаттығу. ЖаңаданТемно_Красный_Цвет деп аталатын макрос құру. Жаңа макросты құру үшін келесі командалар орындалуы тиіс:
Формат->Шрифт командасы орындалады;
Цвет тізімінен қызыл қоңыр (темно-красный) түс таңдалынады;
ОК батырмасы шертіледі.
5.1. Қалып-күй қатарындағы ЗАП индикаторына екі рет шертіңіз, сонда Запись макроса деп аталатын диалогтық терезе пайда болады. 5.2. Осы терезедегі Имя макроса тұсына : Темно_Красный_Цвет деп жазыңыз. Терезедегі Макрос доступен тұсына өз құжатыңыздың атын көрсетіңіз. Описание тұсына макрос туралы текст : Окрашивает текст в темно-красный цвет деп жазуға болады. Барлығы орындалғаннан кейін ОК батырмасына шертіледі.
5.3. Әрі қарай Формат->Шрифт командасы орындалады да Цвет тізімінен қызыл қоңыр (темно-красный) түс таңдалынады, ОК батырмасы шертіледі. Остановка записи панеліндегі Остановить записьбатырмасына шертіңіз. Бұл екінші макросты құрудың аяқталғанын білдіреді.
5.4. Құрылған макросты саймандар панеліне батырма түріде орналастырыңыз.
Өздік жұмыс тапсырмалары: (Тапсырманы орындауға қажетті мәліметтер нұсқалар бойынша төменде берілген
6-кестедан алынады)
1. Жол түрінде берілген тексті курсор тұрған жерден бастап жолдың басына дейін өшіріп тастайтын макрос құрыңыз (Мұнда 1-жаттығудағы сияқты орындалады, өшіру үшін +пернелері қолданылады).
А) Құрған макросыңызды Удаление_До_Начала_Строки деп атаңыз. Б) Құрылған макросқа қоңырау (Колокольчика) түріндегі батырма тағайындаңыз.
2. « ... » деп аталатын макрос құрыңыз /2-тапсырма/.
3. Құрған макросыңызды саймандар панеліне батырма түрінде орналастырыңыз (Белгінің түрін өзіңіз таңдаңыз).
4.Құрған макросыңызды ... пернелер комбинациясына /4-тапсырма/.
6-кесте