Конструктор - пішінді өз қалауыңызбен жасауға мүмкіндік береді.
Пішін шебері (Мастер форм) - өзіңіз таңдаған өрістер негізінде пішінді автоматты түрде жасауға мүмкіндік береді. Access диалог режимінде қолданушыдан қандай пішін керектігін анықтап, пішінді автоматты түрде жасайды. Егер жасалынған пішіндегі бірнәрселер ұнамаса, конструктор режимінде түзетуге болады.
Автопішіндер (Автоформы) - пішін шеберінің жеке жағдайы болып табылады, яғни ол қолданушының қатысуынсыз пішіннің берілген түрін автоматты түрде жасайды.
Диаграмма- диаграммасы бар пішінді жасайды жасайды.
Қорытынды кестесі (сводная таблица) - Excel-дің корытынды кестесі бар форманы жасайды.
Деректер қоры терезесінде Формыбөлімін таңдап, Создать батырмасын басыңыз.
Ашылған Новая форма атты сұхбат (диалогтық) терезесінде Мастер форм пунктінтаңдаңыз.
Терезенің төменгі жағындағы тізімдегі тілше батырмасын басып пайда болған тізімнен Пәндер кестесін таңдап, ОК батырмасынбасыңыз.
Ашылған терезеден пішінге орналастыратын өрістерді таңдаңыз. Бұл жаттығуда барлық өрістер қажет, сондықтан
алдымен , одан соң Далее батырмаларын басыңыз.
Енді пішіннің сыртқы түрін – кестелік (табличный) етіп беріңіз. Далее батырмасын басыңыз.
Өзіңіз қалаған стиль түрін таңдап, тағы да Далее батырмасын басыңыз.
Пішінге Пәндер деп ат беріп, Готово батырмасын басыңыз.
Жасалынған пішінді 1- кестедегідей етіп толтырыңыз. Сақтап, пішінді жабыңыз.