Өлшеу қателіктерін бағалау Тәжірибелерде жүйелік қателіктер ретінде өлшеу құралдарының бөліктерінің құнына тең болатын құралдардың қателіктері алынады.
Кездейсоқ қателік келесі өрнекпен анықталады:
Мұндағы, ізделінді шаманы N рет өлшеу нәтижесінде алынған ең үлкен шама.
ізделінді шаманы N рет өлшеу нәтижесінде алынған ең кіші шама.
Сенімділіктің бұл аралығына келесі сенімділік ықтималдық сәйкес келеді.
4 кестеге бір тапсырманы орындауда тікелей өлшеу кезінде алынған шамалардың орташа мәндерін және ол шамалардың жүйелі және кездейсоқ қателіктерінің шамасын еңгізіңдер.
4-кесте
Шама
Мәндері
Абсолют қателік
Ең үлкен мәндері
Жүйелі
Кездейсоқ
Абсолют
салыстырмалы
Әрбір шама үшін қателіктердің ең үлкен мәндерін таңдап алып, әрбір шама үшін ең үлкен салыстырмалы қателікті есептеңіз. Соңынан қай шама үшін өлшеу дәлдігін арттыру қажеттілігі туындайтындығы жөнінде қорытынды жасаңыз.
Импульс және энергия шамаларының өлшеу қателіктерінің бірінші жуықтықтаудағы мәндерін басқа шамалардың салыстырмалы қателіктеріне шамалас болатынына көз жеткізіңіз. Осының негізінде импульстің және энергияның сақталу заңдарының орындалуы туралы, орындамалы оның себебі туралы қорытынды жасаңыз.
Бақылау сұрақтары а) Тұйықталған механикалық жүйе үшін
ә) Серпімді орталық соқтығыс үшін
б) Серпімсіз орталық соқтығыс үшін импульстің сақталу заңдарын жазыңыз.
2) Екі дененің серпімді механикалық энергияның сақталу заңын жазыңыз.
3) Қандай соқтығыстар кезінде..................................орындалады?
а) Механикалық энергияның сақталу заңы.
ә) Импульстің сақталу заңы.
б) Екеуі де.
4) Соқтығысатын шайбаларды неліктен тұйықталған жүйе деп санауға болады.
5) Өлшеулер кезінде серпімді және серпімсіз соқтығыстар үшін импульстің сақталу заңын жазыңыз.
6) Импульстің сақталу заңын тексеру үшін қандайөлшеулер жасау керек?
7) Орталық және орталық емес соқтығыстардың айырмашылығы?
Теориялық сұрақтар
Импульс. Импульстің сақталу заңы.
Энергия. Механикалық энергия. Механикалық энергияның сақталу заңы. Энергияның сақталу және айналу заңы.
Абсолют орталық соқтығыс түрлері. Абсолют серпімсіз және абсолют серпімді соқтығысулардан кейінгі денелер жылдамдықтары.
Механикалық жұмыс. Күш жұмыстары. Консервативті және консервативті емес күштер. Қуат.
Әдебиеттер С.Э.Фриш және А.В.Тиморева. Жалпы физика курсы, 1 том, Алматы: Мектеп, 1971.
С.П.Стрельков. Механика, Наука, 1975.
И.В.Савельев Жалпы физика курсы 1 том, Алматы. Мектеп, 1977.
А.Н.Матвеев. Механика и теория относительности. М:1987.