МАГНИТОЭЛЕКТРЛІК ПРИБОРЛАР
Магнитэлектрлік приборлар жұмысы күшті, тұрақты магнит өрісінің , өлшенетін токпен әсерлесуіне негізделген. Мұнда өлшеу құралының қозғалмайтын бөлігіне полюстері бар тұрақты магнит алынады. /сурет 1/. Мұндағы орама мен магнит арасындағы санлаудағы магнит өрісі бір текті және радиалды. Прибордың қозғалғыш бөлігі механизмі тік бұрыш формалы жеңіл альюминий рамадан жасалып, оған изоляцияланған жіңішке өткізгіштер оралған /2/ Екі полюс орналаскан рамка болат цилиндрді қоршап тұрады /3/.
Магнит полюстерімен екі арада рамка жеңіл айналып тұра алады. Оның бір жарты өрісінде стрелка бекітілген /4/, ал екінші өрісіне пружина /5/ бекітілген. Мұндағы пружина қарсы әсер моментін туғызады. Магниттің магнит өрісі және токтың өзара әсерлесу нәтижесінде айналдырушы момент пайда болады. Ол стрелканы оңға қарай қозғайды. Осы кезде пружина жиырылып қарсы әсер моментін тудырады. Қозғалған бөліктің бұрылу бұрышы /ℓІ/ток шамасымен теориялық тұрғыда мынадай байланыста болады.
ℓ=К
Мұндағы К-прибордың құрылысына қатынасты пропорцияналдық коэфициенті.
Бұдан ток пен бұрыштың арасындағы тура пропорцияналдық байланыстан магнитоэлектрлік системадағы прибордың шкаласы бір қалыпты болатындығы көрінеді.
МАГНИТОЭЛЕКТРЛІК ПРИБОРЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ
Өлшеудің жоғарғы дәлдігі, сыртқы магнит өрісіне аз тәуелділігі, шкаласының бір қалыптығы, жақсы тынышталатындығы, энергияны аз пайдаланатындығы.
Кемшіліктері: тек қана тұрақты токқа пайдаланылады/ айнымалы токқа болмайды, себебі қозғалмалы бөлігі интерциалды/, сондықтан ол ауытқып үлгермейді. Жүктеме көп болған кезде қызып кетеді. Соның салдарынан пружинаның серпінділігі өзгереді немесе жанып кетеді. Мұндай кемшіліктерге қарамастан магнит электрлік приборлар кен таралған.
ЭЛЕКТРОМАГНИТТІК ПРИБОРЛАР
Электромагниттік приборлардың жұмысы қозғалмайтын орамадан өткен өлшенетін тоқтың магнит өрісінің қозғалмалы өзекшемен әсерлесуіне негізделген бұл прибор ортасында саңлауы бар тік бұрышты орамадан тұрады /1/ және өрістен тыс бекітілген жұмсақ денеден жасалған өзекшеден тұрады /2/ /сурет 2/. Өзекшенің өсіне стрелка бекітілген /3/. Ауалық тежегіш /4/, қарсы әсер моментін тудыратын жиырмалы пружина бекітілген. Өлшенетін ток рамкадан өткен кезде магнит өрісі пайда болады. Ол өзекшені санылауға тарту арқылы өзекшенің өсіне бекітілген стрелканы белгілі бір бұрышқа бұрады. Прибордың сыртқы магнит өрісінен қорғау үшін ораманы қоршай орналасқан болат пластинадан жасалған экран пайдаланылады. Стрелканың ауытқу бұрышы мен ток шамасы арасында квадраттық байланыс бар екені теориямен анықталған.
ℓ = К І2
Демек, бұл прибордың шкалалары бір қалыпты емес. Өзекшенің түрін өзгерте отырып шкаланың жұмыстық бөлігін бір қалыпты етіп жасайды. Айнымалы ток кезінде өзекшеге әсер ететін күш өзінің бағытын өзгертпейді. Себебі: орамадағыток бағытын өзгертпейді. Онымен бірге магнит ағынының бағыты да өзгереді.
Демек өзекшенің полярлығы да өзгереді. Сондықтан да электромагниттік приборлар тұрақты және айнымалы токтарды өлшеу үшін пайдаланылады.
Жетістіктері: айнымалы және тұрақты ток тізбегінде пайдалынатындығы, шунттарды және токты өлшеу трансформаторларын пайдаланбай, үлкен токтарды өлшейтіндігінде артық жүктемені аз сезіну, құрылысының қарапайымдылығы.
Кемшіліктері: шкалалардың бір қалыпты еместігі, магнитоэлектрлік системаменсалыстырғанда өлшеу дәлдігінің аздығы, прибордың көрсетуінің сыртқы магнит өрісіне тәуелділігі. Ол прибор орамасындағы өрістің аздығы мен түсіндіріледі. Сыртқы магнит өрісінің әсері статикалық құрылымдармен немесе экран көмегімен азайтылады.
3
4
N S
1 2 3 5 1 1
сурет 1 сурет 2
Достарыңызбен бөлісу: |