Зертханалық жұмыс №2



бет1/2
Дата02.11.2022
өлшемі28,8 Kb.
#46966
  1   2
Байланысты:
2 лабка Инкар ис


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қарағанды техникалық университеті
Кафедра: Өндірістік процесстерді автоматтандыру

Зертханалық жұмыс №2


Пәні: Интегралдық және микропроцессорлық сұлбалы техника
Тақырыбы: Логика алгебрасының негіздері

Орындаған: Досжан І.Н.


Гр. ПС-18-1
Тексерген: Хайруллина Э.К.

Қарағанды 2020


Жұмыстың мақсаты: Логика алгебрасының негіздерімен танысу, эксперимент түрінде логикалық элементтердің заңдарын жинау, жұмыстарын түсіну.
Жұмысты орындау тәртібі:
1. Electronics Workbench программасына кіру, схемаларды сызу.
2. Кілттер арқылы логикалық функцияларды жинау.

Жұмыстың мақсаты:
Логика алгебрасының негіздерімен танысу, эксперимент түрінде логикалық элементтердің заңдарын жинау, жұмыстарын түсіну.

Зертханалық жұмыстың мазмұны:
1) Эксперимент түрінде логикалық элементтердің заңдарының түгел түрлерің сызу, зерттеу, тексеру.
2) Принципиалдық электр схемаларын сызу.
Логика алгебрасының ережелерінің екі негізгі түрлері бар: дизъюнктивті нормалды форма, конъюнктивтік нормалды форма.
1. Көбейтінділердің сомасы:
Дизъюнктивті нормалды форма (ДНФ) F= (А*В)+(С*D)
Бұл жерде төрт айнымалылар көбейтіліп, қорытындылары қосылады, мұны көбейтінділердің соммасы дейді.
2. Соммалардың көбейтінділері:
Конъюнктивтік нормалды форма (КНФ) F= (А+В)*( С+D)
Бұл жерде айнымалылар қосылып, қорытындылары көбейтіледі, оны соммалардың көбейтіндісі дейді.

Логика алгебрасында он ережелері немесе заңдары бар.

1. «1» - мен жұмыс істеу заңы:


1+А=1

1+А+В+С+…=1

1*А=А

=1

2. «0» - мен жұмыс істеу заңы:



0+А=А

0*А=0

=0

3. «Қайталау» заңы:




А+А+А+…=А*n=А

А*А*А*…=Аn

4. «Терістеуді терістеу» заңы:



Мысалы, сіз кіріске «1» берсеңіз және оны екі инверсия (терістеу) элементінен өткізсеңіз не болады? «1» -ді терістесек ол «0»-ге тең болады, тағы терістесек, сол элементтің шығысында қайтадан «1»- ді аласыз.

5. «Коммутативтік» заңы:




А+В=В+А

А*В=В*А

6. «Ассоциативтік» заңы:




(А+В)+С=А+(В+С)

(А*В)*С=А*(В*С)

Бесінші және алтыншы заңдарды мектептегі математика пәнінен білесіздер, бұл заңдар сіздерге жаңалық емес.

7. «Дистрибутивтік» заңы:


А*(В+С)=(А*В)+(А*С)

А+В*С= (А+В)*(А+С)

«Дистрибутивті» заңға қарасақ, бұл жерде теңдеулердің оң жағымен сол жағы бір-біріне тең екендігін анықтау керек, шешімді бірнеше жолдармен табуға болады, мысалы үшін: схемаларын құру арқылы немесе тырнақшаларды ашып, математикалық түрде немесе ақиқат кестесі арқылы.

8. «Жұтып алу» заңы:


А*(А+В)=А

А*(+В)=А*В

А+А*В=А

А+*В=А+В

9. «Клейлеу» заңы:


(А+В)* (А+)=А

А*В + А*=А

«Жұтып алу» және «клейлеу» заңдары да осылай анықталады.


10. Де Морганның дуальды заңдары:


=+

Конъюнкцияның терісі терістердің дизъюнкциясы болады







=*

Дизъюнкцияның терісі терістердің конъюнкциясы болады




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет