Зертханалық жұмыс №4. Vba-да массивтерді, процедуралар мен функцияларды ұйымдастыру



бет3/4
Дата28.08.2023
өлшемі60,12 Kb.
#105623
1   2   3   4
Байланысты:
Zertkhanaly zh mys4 (8)

Орындалу технологиясы
Бұл бағдарламаны құру кезінде келесі жағдайларға назар аудару керек. Бағдарламаның басында глобальдық айнымалылар жарияланады, себебі олардың көріну аймағы құрылатын процедуралар, функция және бағдарламаның негізгі блогы болып келеді.
Процедураларды құру кезінде мәтіндік өрістерінен ақпаратты оқу басталады. Жалпы мәтіндік өрістерге енгізілген барлық ақпарат мәтіндік (жолдық айнымалылар) болып табылғандықтан мәліметтерді сандыққа ауыстыруымыз керек. Ол үшін Val айырбастау функциясы қолданылады. Функция процедураларда есептелініп қойған нәтижелермен жұмыс жасайды, сондықтан функцияның денесінде процедуралар, дәлірек айтсақ олардың нәтижелері шақырылады.
Бағдарламаның негізгі блогы процедураларды және құрылған функцияның нәтижесін шақырады. Процедуралардың және функцияның шақырылуының жазылу ерекшеліктеріне назар аударыңыз.


19 сурет. 4 мысал пішіні конструктор режимінде және жұмыс істеу кезінде
Бағдарлама листингі
Dim a, b, c, d, k, m, h As Integer
Sub summ()
a = Val(TextBox1.Text) b = Val(TextBox2.Text)
k = a + b
End Sub
Sub umn()
c = Val(TextBox3.Text) d = Val(TextBox4.Text)
m = c * d
End Sub
Function prim() As Integer
Call sum Call umn
prim = k – m
End Function
Private Sub CommandButton1_Click()
Call summ Call umn
h = prim(a, b)
Label8.Caption = «сумма a + b =» & k
Label9.Caption = «произведение c * d =» & m
Label10.Caption = "значение функции a+b-c*d= " & h
End Sub


5. Берілген өрнектердің мәндерін формадағы таңдалған ауыстырып қосқышқа және мәтіндік өріске енгізілген енгізілген мәндерге байланысты есептейтін бағдарлама жазыңыз. Негізгі бағдарлама Вычислить батырмасы басылған кезде есептеулерді жүргізетін Shet процедурасын шақырады (20 сурет).
Ескерту. Осы пішін жұмыс жасау кезінде жаңа элемент - ауыстырып қосқыш қолданылады.
(optionButton), ұсынылған бірнеше параметрлер немесе әрекеттердің ішінен біреуін таңдауға мүмкіндік беретін элемент. OptionButton басқару элементінің жиі қолданылатынқасиеттері:
value – ауыстырып қосқыш таңдалған жағдайда True мәнді қайтарады, кері жағдайда False-ті қайтарады;
enabled – мүмкін болатын мәндері: Тrue (қолданушының ауыстырып қосқышты таңдай алады) және False (керісінше жағдайда);
visible – мүмкін болатын мәндері: Тrue (бағдарламаның орындалуы кезінде ауыстырып қосқыш көрініп тұрады) және False (қарсы жағдайда жасырулы болады);
caption – ауыстырып қосқыш жанында көрініп тұратын жазу.


20 сурет. 5 мысал пішіні конструктор режимінде және жұмыс істеу күйінде


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет