Зертханалық жұмыс №42 Жердің магнит өрісі индукциясының көлбеу құраушысын анықтау



бет2/3
Дата26.12.2023
өлшемі174 Kb.
#143646
1   2   3
Био-Савар-Лаплас заңы

Токтың магнит өрісінің кез-келген нүктесіндегі индукция векторының бағыты мен шамасын Био-Савар-Лаплас заңын қолданып анықтауға болады




(42. 1),


(42. 2)

(42. 1) және (42. 2) формулалары – векторлық және скалярлық түрдегі Био-Савар-Лаплас заңы. - I тогы бар өткізгіштің dl элементі тудыратын осы элементтен r қашықтықтағы А нүктесіндегі магнит өрісінің индукциясы; – dl элементінің ұзындығына тең және ондағы токтың бағытымен сәйкес келетін вектор; - dl элементінің басынан өрістің берілген А нүктесіне дейін жүргізілген радиус-вектор (42. 4 сурет).




қорытқы векторы және көбейтілетін векторлары жатқан жазықтыққа перпендикуляр (42. 5 сурет); - магниттік тұрақты; - ортаның магниттік өтімділігі.
(42. 1) формула dB векторының бағытын векторлық туынды ережесі бойынша анықтауға мүмкіндік береді. (42. 2) формула оның шамасын анықтауға мүмкіндік береді.


Өлшемдері шектеулі және формасы еркін болатын тогы бар өткізгіштің магнит өрісінің индукциясы осы өткізгішітің жеке бөліктері тудыратын магнит өрісі индукцияларының векторлық қосындысы ретінде суперпозиция принципіне сәйкес анықталады. Жалпы жағдайда ол былай есептеледі




. (42. 3)

Мысалы, орамның центрі 0, радиусы R, тогы I болатын магнит өрісі үшін (42. 2) өрнекке сәйкес




(42. 4)

(42. 1) формуланы пайдаланып, орамның барлық dl элементтері үшін бірдей бағытта болатынын көреміз (42. 4 сурет).


Сонда


(42. 5)


Қондырғының сипаттамасы және өлшеу тәсілдері

Зерттеу құрылғысының сұлбасы 42.6-суретте көрсетілген. Тангенсгальванометр вертикаль жазықтықта орналасқан жазық катушка мен орамнан тұрады. Вертикаль осьтегі катушканың ортасына магнит тілшесі орналасқан. Оның ауытқу бұрышын лимба арқылы анықтауға болады.


Катушкада ток болмаған кезде магнит тілшесі жердің магнит өрісі индукциясының горизонталь құраушысының бағытын көрсетеді. Катушканы вертикаль ось бойынша бұрып, оны тілше катушканың орамдарының жазықтығында болатындай етіп орналастырады. Бұл жағдайда орамның жазықтығы Жердің магниттік меридиан жазықтығымен сәйкес келеді. Тізбек тұйықталған кезде катушканың центрінде пайда болатын магнит өрісінің индукциясы орамның жазықтығына және векторға перпендикуляр.




GB – тұрақты ток көзі; PAамперметр; RK – реостат; SA1 –қайтақосқыш; PS – тангенс-гальванометр; SA2 –сөндіргіш.

Сурет 42. 6


Токты қосқан кезде магнит тілшесі бастапқы бағытынан бұрышқа ауытқиды да, қорытқы вектордың бағытын көрсетеді. Бұл векторлардың бағыты тангенс-гальванометрдің горизонталь қимасы кескінделген 42. 7 суретте көрсетілген. Суреттен


(42. 6)



(42. 4) сәйкес – тогы бар катушканың индукциясы, мұндағы N –катушка орамдарының саны. (42. 6) өрнектен


(42. 7)

мұндағы D – орам диаметрі, –горизонталь құраушы.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет