Магнит өрісінің анықтамасын беріңіз. Кеңістіктің берілген аймағында магнит өрісін алудың мүмкін болатын әдістерін көрсетіңіз.
Магнит өрісінің негізгі сипаттамасын атап беріңіз. Оған анықтама беріңіз. Өлшем бірлігін көрсетіңіз.
Био-Савара-Лаплас заңын векторлық және скалярлық түрде жазыңыз. Заң нені анықтайды?
Тангенс-гальванометр деген не? Берілген жұмыста жердің магнит өрісі индукциясының көлбеу құраушысын анықтау әдісінің мәні неде? Жұмыс формуласын есептеп шығарыңыз.