Зертханалық жұмыс №5 фазалық тепе теңдік Үш компонентті жүйеде сұйықтардың өзара ерігіштігін зерттеу Жұмыстың мақсаты



бет1/2
Дата07.10.2022
өлшемі26,24 Kb.
#41745
  1   2

Зертханалық жұмыс №5
ФАЗАЛЫҚ тепе теңдік
Үш компонентті жүйеде сұйықтардың өзара ерігіштігін зерттеу
Жұмыстың мақсаты: Берілген үш сұйықтың өзара ерігіштігін анықтап ерігіштік диаграммасын тұрғызу.
Аспаптар мен ыдыстар: тығынды пробирка — 8; бюретка - 3,50 мл бөлу құйғыштары, 30-50 мл тығыңды колба — 2 дана.
Реактивтер:А - ацетон, метил спирті, этил спирті, сірке қышқылы, диоксан; В – бензол, толуол, ксилол, хлороформ, төртхлорлы көміртек; С - су.
Егер үш сұйықты шартты түрде А, В, С арқылы белгілеп, олардың бәрін бір ыдысқа құйсақ, онда олар өзара ерігішгіктік негізгі үш түрін беруі мүмкін:
1. А, В және С заттары ішінара араласатын жұптарды құрайды, яғни ешқайсысы да басқаларда толық еріп араласпайды.
2. Берілген А, В және С үш заттарының арасында тек екі жұптары ғана бірі- бірінде ішінара ериді, мысалы, А заты В затында және А тағы да С да, ал келесі бір жұп айталық, В заты С да толық ериді, мысалы, А заты В затында және А тағы да С да, ал келесі бір жұп айталық, В заты С да толық ериді.
3. А, В және С үш заты бір- біріңде шектеулі араласатын сұйықтық бір жұбын, мысалы В заты С да, ал қалған екі жұбы, айталық, А-В да және А- С да толық және кез - келген катынаста араласады.
Мысал ретінде келесі заттарды алуға болады:

А

В

С

ацетон, метил спирті, этил спирті, сірке қышқылы

Бензол, толуол, хлороформ, ксилол, төртхлорлы көміртек

Су

Енді шартты ұғымға нақтылы мән беріп көрейік. Ол үшін ацетоңды -А, бензолды - В, суды - С әріптері арқылы белгілейік. Бензол мен ацетон өзара шексіз араласса, бензол сумен өте шектеулі араласады, көбінесе олар араласпайтын қабат түзеді. Мұның есесіне ацетон сумен де, бензолмен де шексіз араласады.
Сонымен бензол мен суды қоссақ, екі қабатты сұйық пайда болады. Оның астыңғы бөлігі бензолдың судағы қаныққан, ал үстіңгісі бензолдағы судың қаныкқан ерітіндісінен тұрады. Бұған үшінші құрылым - А- ацетонды ептеп қоса бостаса, ол осы екі қабатта да бірдей араласып, ери бастайды және оның мөлшерін көбейткен сайын, белгілі бір қатынастар тұсында қабат шегі жойылып, үшеуі де біртекті ерітіндіге айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет