Жұмыстың орындалу тәртібі: Үш құрылымдық жүйенің ерігіштігін, әр түрлі құрамдағы екі сұйықтың гомогенді қоспасын, үшінші затпен титрлеу арқылы анықтайды. Титрлеу лайланғанша не ерімейтін қабаттың алғашқы тамшысы пайда болғанша жүргізеді; лайдың көрінуі екінші фазаның түзілуін, гомогенді жүйенің гетерогендіге түрленгенін нұсқайды. Мұны асқан сезімталдықпен байқап, мұқиат қадағалау нәтижесінде анықтайды. Ол үшін екі қатардағы тәжірибені жүргізеді. А мен В қоспаларын С затымен және А мен С қоспаларын В- мен титрлейді (лаборант не оқытушы нұсқауы бойынша). Бөліну аймағын көрсететін қисық айқын болуы үшін, мына құрамдағы екі сұйық қоспасын әзірлеген жөн:
А
В
С
2
8
?
4
6
?
5
5
?
6
4
7
3
8
2
8
1,5
9
1
9,5
0,5
А
В
C
2
8
4
6
5
5
6
4
7
3
8
2
8
1,5
9
1
9,5
0,5
/
Әрбір сұйықты жеке-жеке бюреткаға құяды. Әуелі А мен 1 сұйықтарын кестедегі рет бойынша бірнеше колбаға қоспалар жұбын бюреткадан құйьп, әрқайсысын С заты бар бюдреткамен титрлеп, оған кеткен мөлшерін анықтайды. Сонан соң екінші А мен С қоспаларын дайындап, оларды да В құйылғған бюреткамен титрлейді. Бұлардың нәтижесін кестеге жинақтайды: