2. Жұмысқа арналған тапсырманы суреттеу.
3. Өз дискінде орындалған тапсырмамен құрылған файлдың болуы. 4. Бақылау сұрақтарына жауап.
Жұмысқа арналған тапсырма
№4 зертханалық жұмыста құрылған «Lab_4.1» файлын ашу және ракушка объектіне материал беру.
№4 зертханалық жұмыста құрылған «Lab_4.2» файлын ашу және отвертка объектіне материал беру.
№4 зертханалық жұмыста құрылған «Lab_4.3» файлын ашу және объекттерге материалдар беру.
«Lab_6» файлын ашу. Сахна объекттеріне материалдар беру.
Бақылау сұрақтары
Материал ұғымы нені білдіреді?
Материал құру үшін қандай бағдарламалық модуль қолданылады?
Matte/ Shadow (күңгірт/көлеңкеленетін) – сахына фоны үшін мөлдір болып келетін, бірақ объект көлеңкесін ескеретін материал;
Multi/ Sub-Object (көп компонентті) – көптеген материалдардан тұратын материал;
Raytraced (Трассирленетін)
Top/ Bottom (жоғары/төмен)
Базалық параметрлер.
Материалдар редакторының терезесін ашқан кезде Blinn Basic Parameters (тондаудың базалық параметрі) шиыршығы бастапқы күйде ашық түрінде пайда болады.
Материалдың визуализациялануы кезінде геометриялық үлгі бетін тондық бояу әдісін таңдау Shading (Бояу) ашылатын, бірнеше бояу нүсқаларынан тұратын тізімнің көмегімен орындалады:
Blinn ( Блин бойынша)
Metall (Металл)
Anisotropic (Анизотропты) және Multi-Layer (көп қабатты)
Oren-Nayar-Blinn (Оурен-Найар-Блинн бойынша)
Phong (Фонг бойынша)
Strauss (Штраус бойынша)
Translucent Shader (Жарық түсіруші бояу)
Extended Parameters (Қосымша параметрлер) шиыршығында мөлдірлік құрамы, каркас мінездемесі мен жылтырау әлсіздігі анықталады. Falloff (Шеті) – объекттің көлденең қималарының шектерінің мөлдірлігінің әрекетін анықтайды.
Amt (Дәреже) – объект шетінде не ортасында мөлдір болмау дәрежесінің өзгерісін анықтайтын есептеуіш.
Type (Түр) – мөлдірліктің үш түрін беретін ауыстырғыш.
Size (Өлшем) – Wire (Каркас) тобында базалық параметрлер шиыршығында Wire (Каркас) флажогы орнатылған талапқа сәйкес, каркас түзуінің енін орнатады.
Динамикалық қасиеттер
Dynamics Properties (Динамикалық қасиеттер) шиыршығында берілген материалды қолданатын объекттің динамикалық қасиеттерін келтіру мүмкіндігі беріледі. Бұл қасиеттер кейін объект анимациясы кезінде қолданыла алады.