Зертханалық ЖӨне тәжірибелік жұмыстар мазмұны


Дэрис 4-ТАРАУ Қ АУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ



бет34/74
Дата11.12.2022
өлшемі4,68 Mb.
#56433
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   74
Дэрис 4-ТАРАУ Қ АУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ


§1. Қауіпсіздік техникасының маңызы мен міндеттері

Қауіпсіздік техникасының міндеті еңбекшілердің жарақаттануын болдырмайтын шаралар мен құралдарды жете зерттеп жетілдіру болып табылады.Жарақаттануды болдырмаудың шаралары деп оның себептерін жою шараларын, яғни ұйымдастыру, ұйымдастыру-техникалық, техникалық, санитарлық-техникалық себептерді және жұмысшының жеке басының психикалық-физиологиялық факторларына байланысты себептерді жоюдың шараларын айтады.


Жарақаттанудың ұйымдастыру себептеріне еңбектің дұрыс ұйымдастырылмауы, еңбек қорғауды ұйымдастыруға жауапты адамды тағайындау жөніндегі бұйрықтың болмауы, еңбек тәртібінің төмен болуы, жұмысшылардың еңбек қорғауға оқытылмауы, жұмысшыларды жұмысқа қосу тәртібінің дұрыс болмауы, т.с.с. жатады.
Ұйымдастыру-техникалық себептерге жүк көтергіш машиналар мен механизмдердің, су қыздырғыштары мен бу қазандарының мерзімді байқаудан өткізілмеуі,машиналарға техникалық күтім жасау мен оларды жөндеудің нашар ұйымдастырылуы, электр жабдықтары мен қондырғыларының жүйелі түрде тексерілмеуі, т.с.с. жатады.
Жарақаттанудың техникалық себептеріне техникалар мен құралдардың ақаулықтары, машиналар мен механизмдердің құрылымының кемшіліктері жатады. Мысалы, тракторларда тежеуіштің әлсіздігі, рульдік басқарудың ауырлығы, орындықтың ыңғайсыздығы, бұрылыстарда және еңкіш жерлерде трактордың орнықсыздығы, тракторлардың аспа механизмі мен тіркеу жабдықтарының жетілдірілмеуі, т.с.с. жарақаттануды техникалық себептерін тудырады.
Жарақаттанудың санитарлық-техникалық себептеріне еңбек жағдайының жайсыздығы, еңбекшіні тез шаршататын, қауіпті жағдайларды байқап одан тез қорғану қабілетін жоятын жағымсыз еңбек жағдайы жатады. Ауаның газдануы, жоғары шу, жұмыс орнының қырсып жатуы, жылудың және ауа алмастырудың жеткіліксіздігі, демалыс бөлмесінің болмауы, т.с.с. санитарлық-техникалық себептерін жасайды.
Еңбекшінің жекебасының себептеріне адам бойындағы психикалық-физиологиялық факторлар, яғни есті сақтау қабілетінің нашарлығы, ұқыпсыздығы, сақсыздығы және басқа жекебастың қасиеттері мен ерекшеліктері жатады.
Сондай-ақ, басшылар мен жұмысшыларды шылым шегуі мен спиртті ішімдіктер ішуіне қарсы күрес жүргізуі, олардың спортпен және басқа дене тәрбиесіме айналысуына ықпал етуі, т.б. салауатты өмір салты қалыптастыратын шараларды іске асырып отыруы қажет.
Қысқасы, жарақаттануға қарсы күресте еңбектің қауіпсіз жағдайларын жасаудың және жұмысшыларды тиісті тәртібін қамтамасыз етудің жоғарыда айтылған себептерін жоюдың шаралары іске асырылуы тиіс.Ол шаралар төмендегідей жұмыстарды қамтиды:
1. Жұмыс орнында еңбектің қауіпсіз жағдайын жасау
2. Барлық жұмысқа қатысушылардың тиісті тәртібі қамтамасыз ету, яғни:
- өндіріс мәдениетін көтеру және жұмысшыларды өндірістік шеберлігін үнемі жетілдіріп отыру;
- өндірістің салаларын жарақтандыру, автоматтандыру, қашықтан басқаруды енгізу;
- жұмысқа қабылдау мен жұмысшыны жұмысқа пайдаланудың талаптарын орындау;
- қауіпті жабдықтарды алмастыру;
- еңбекшілерді еңбекті қорғау мәселелері бойынша,оқытып түру;
- еңбек заңдылықтарының нормаларын сақтау;
- еңбек қауіпсіздігінің стандарттарын енгізу;
- еңбек қорғау жұмыстарына бақылау жасау;
- өндірістік жарақаттанудың себептеріне тиянақты талдау жасап, оны болдырмаудың шараларын іске асыру;
- әрбір жұмыс орнына еңбек қорғаудың нұсқауларын жасап, оның орындалуын ұйымдастыру.
Әрбір кәсіпорында еңбек қорғаудың бөлмесі жабдықталып, қауіпсіздік техникасы жөніндегі бұрыштар ұйымдастырылуы тиіс. Жұмысшылардың арнайы киімдермен,жеке қорғану құралдарымен жұмыс істеуін үнемі қадағалау қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет