Еңбек қорғаудың нормалық (мөлшерлік) құжаттарының бірі - еңбек қауіпсіздігінің стандарттары.
Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі:
- еңбек қауіпсіздігінің талаптарын белгілейді;
- зиянды жөне қауіпті факторлардың мөлшерлері мен талаптарын белгілейді;
- жабдықтарға, технологиялық үдерістерге, жұмысшылардың қорғану құралдарына қойылатын
талаптарды белгілейді;
- ғимараттар мен қүрылыстардың қауіпсіздігіне койылатын талаптарды белгілейді.
1-кесте
Құжаттардың цифры
Құжаттардың аты
0
1
2
3
4
5
ұйымдастыру әдістемелік стандарттары;
зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың мөлшерімен талаптарының стандарттары;
өндіріс жабдықтарының қауіпсіздігіне қойылытын талаптардың стандарттары;
өндірістік үдерістің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар;
жұмысшылардың қорғану құралдарына қойылатын талаптартардың стандарттары;
ғимараттар мен құрылыстардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптардың стандарттары;
Стандарттардың мемлекеттік жүйесі төрт санатна бөлінген: Мемлекеттік (МемСТ) Салалық (ССТ) Аймақтық (АСТ) Кәсіпорындық (КСТ) Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесінің құрылымы, мазмұны МемСТ 1,5-68 және МемСТ 12.0.001-82 бойынша орындалуы тиіс.
Ал еңбектің басқа стандарттары МемСТ 1.26-77 және арнайы әдістемелік нүсқауларға сай қүрылған (стандарттар мен техникалық жағдайлардың жобаларын кесіподақ ұйымдарымен келістіру тәртібі РД50-ІІІ-86).Бұл құжаттарға сейкес барлық стандарттар мен техикалық талаптардың «Қауіпсіздік талаптары» деген бөлімі болуы тиіс.
Кіші кәсіпорындарда, акционерлік қоғамдарда,жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде, басңа да ауыл шаруашылығы мекемелерінде еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесін енгізуді әкімшілік белгілі бір жауапты адамға тапсырады. Ол осы жұмыс бойынша жоспар құрып,мекеме басшысына бекіттіреді. Жоспарда фермалардың,цехтардың, бөлімшелердің санитарлың-техникалық жағдайын паспорттау, еңбек қорғаудың құралдарының тізімі және оларды әркез жарамды етіп ұстау мәселелері қаралады. Сондай-ақ, стандарттарды енгізу мерзімі және қолдануға үйрету мәселелері енеді. Стандарттарды енгізу жұмыстарына мекеме басшысы мен бас инженер жалпы басшылық жасап отырады.