Зертханалық ЖӨне тәжірибелік жұмыстар мазмұны


Еңбектің ауыр немесе жеңілдігіне қарай жұмыс орнының микроклиматының нормасы



бет27/74
Дата11.12.2022
өлшемі4,68 Mb.
#56433
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   74
Байланысты:
АГРО -ДЭРИСТЕРАул ЕК 1-7 Жаданов у

Еңбектің ауыр немесе жеңілдігіне қарай жұмыс орнының микроклиматының нормасы



Жұмыс
орнында
пайда
болатын
үстеме
жылудың
мөлшері



Еңбек
жағдайының
санаттары

Температураның, ылғалдылықтың және
жылдамдықтың нормасы

Жылы маусымда Салқын және өткінші маусымда



темпера-
тура, °С

ылғал-
дылы-
ғы, %

жылдамдық,
м/сек.

темпе-
ратура
°С

ылғал-
дылы-
ғы, %

жылдамдық,
м/сек.

1

2

3

4

5

6

7

8

≤ 20
ккал/

жеңіл

22-25
≤ 23

60-30
75

0,2-0,5
0,3-0 7

20-22
17-22

60-30
≤75

< 0,2
< 0,3




орташа

20-23
≤ 28

60-30
≤75

0,2-0,5
0,3-0,7

17-19
15-20

60-30
≤75

< 0,3
< 0,5




ауыр

18-21
≤ 26

60-30
≤75

0,3-0,7
0,5-1,0

16-18
13-18

60-30
≤75

< 0,3
< 0,5

> 20
ккал/

жеңіл

22-25
≤ 28

60-30
≤75

0,2-0,5
0,3-0 7

20-22
17-24

60-30
≤75

< 0,2
< 0,5




орташа

20-23
≤ 28

60-30
≤75

0,2-0,5
0,5-1,0

17-19
15-22

60-30
≤75

< 0,3
< 0,5




ауыр

18-21
≤ 26

60-30
≤75

0,3-0,7
0,5-1,0

16-18
13-17

60-30
≤75

< 0,3
< 0,5

Ескерту: Бөлшектің алымында нақты көрсеткіштер, ал бөлімінде шекті көрсеткіштер берілген.

Жұмыс орнының микроклріматын анықтау үшін арнайы аспаптар қолданылады. Мысалы, ауаның температурасы сынапты термометрмен анықталады, ылғалдылығы психрометрмен, ауаның қозғалу жылдамдығы анемометрмен немесе кататермометрмен, ал атмосфералық қысымы сынапты барометрмен немесе анеройдпен өлшенеді.


Август психрометрі екі термометрден тұрады. Біреуінің шаригі жұқа шүберекпен қапталған және ол үнемі сумен ылғалданып тұрады. Екі термометрдің көрсеткішіне сай арнайы формуламен ауаның ылғалдылығы анықталады немесе арнайы кесте арқылы анықтауға болады.
Ассман психрометрі де екі термометрден түрады,біреуінің шаригі ылғалданып тұрады. Оған қоса аспаптың басына желдеткіш орнатылады, ол электрмотормен немесе сағат механизмімен қозғалысқа келтіріледі.Желдеткіш айналғанда шариктер арқылы жылдамдығы 4 м/с ауа айдалады. Бір термометрдің шаригі матамен оралып, өлшеу алдында дистилденген сумен ылғалданады, сосын желдеткішті іске қосады. 3-5 минуттан кейін қүрғақ және ылғал термометрден есеп алады. Олардың айырмашылықтарына қарай кестеден ауаның ылғалдылығын анықтайды.
Ауаның қозғалу жылдамдығын қанатты анемометрлермен (1-10 м/с) және чашкалы анемометрлермен (1-30 м/с), сондай-ақ кататермометрлермен (1-1,5 м/с) анықтайды.
Кататемометр дегеніміз - спирт құйылған термометрлер. Әуелі оның түбін 65-75°-қа дейін қыздырылған суға салып ысытамыз. Сосын спирттің деңгейінің 38 -тан 35- қа дейін түскен уақытын алып, формуламен ауаның қозғалу жылдамдығын есептейміз.
Бұл көрсеткіштерді тұрақтандыру үшін төмендегідей шаралар іске асырылуы тиіс;
- табиғи және жасанды ауа алмастырғыштарды пайдалану;
- технологиялық жабдықтарды жылу өткізбейтін заттармен қаптау арқылы олардан бөлінетін жылудың мөлшерін азайту;
- жылу еткізбейтін материалдардан қорғану экранын орнату;
- кондиционер пайдалану.








3.3. Өндірістік құрылыстарға және тұрмыстық үйлерге қойылатын талаптар

Өндірісте еңбекшілерге қолайлы еңбек жағдайын жасауда әр түрлі санитарлық нормаларды сақтаудың мәні зор. Ең алдымен, құрылыстарды жобалау мен тұрғызу


сатысында оларға белгіленген санитарлық нормалардың сақталуы ескерілуі тиіс.
Санитарлық нормаларға сәйкес, ауыл шаруашылығы өндірісіндегі құрылыстар тегіс жерге және су ағып кететіндей азғана еңкіш орналастырылады. Жер астының суы үй астындағы бөлмеден төмен болуы тиіс және ауыз су, жол, электр жарығы келтірілуіне ыңғайлы жерге салынуы тиіс. Сондай-ақ, өндірістік кұрылыстың санитарлық сақтану аймағы оның қандай өнім шығаратына және жұмыс түріне байланысты анықталады.
Мысалы: елді мекеннен улы химикаттар мен минералды тыңайтқыштардың қоймасы 200 метр, мал фермалары 300 м, шошқа фермасы 500 м, құс фабрикасы 500 м,мал емдейтін орын 200 м, мал азығын дайындайтын цех 100 м, гараждар мен шеберханалар 100 м, астық пен көкөніс қоймалары 50 м қашықтықта орналасуы тиіс.
Кәсіпорынның ішіндегі үйлердің арасы да оларды іселдетіп, табиғи жарықтандыру мақсатында белгілі бір қашықтықта орналастырылады. Ауланың 15-20 пайызы көгалдандырылуы тиіс.
Өндірістік құрылыстардың ауданы онда жұмыс жасайтын адамдардың санына : байланысты болады. Мысалы бір адамға 4,5  жер болуы тиіс. Одан басқа өндірісте
шешінетін бөлме, жуынатын бөлме, дәретхана, әйелдер үшін санитарлық бөлме, т.с.с. болуы қажет.
Жұмысшылардың денсаулығы олардың жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылуына байланысты. Сондықтан жұмыс орындары жұмысшыға ыңғайлы, жүк көтергіш крандармен жабдықталған болуы тиіс. Жұмыс орны желдеткішпен, жарықпен қамтамасыз етілуі қажет. Бөлменің іші мен онда орналасқан жабдықтардың түсі ашық, әдемі бояулармен әрленгені дұрыс.
Мал жаятын аулалар мал қораларынан тыс жерде болғаны дұрыс. Әрбір ірі қараға норма
бойынша 7-15 ,ал бұзауға 5  жер бөлінуі тиіс.
Мал қораларының кешенінде, өндірістік (мал тұратын, оған күтім жасайтын) аймақ, әкімшілік-шаруашылық аймағы, азықтық (сақтайтын) аймақ және малдың қиын сақтайтын аймақтар болады.
Өлген малды көметін жер қорадан 500 м қашықтықта орналастырылады.
Мал шаруашылығы қызметкерлеріне төмендегідей талаптар қойылады:
- белгіленген уақытта дәрігерлік байқаудан өтіп,үнемі арнайы киіммен жүруі тиіс;
- жұмыс алдында және жұмыстан соң қолдарын сабындап жууы тиіс;
- жұқпалы ауруға шалдыққан малдармен жұмыс жасауға 18 жастан асқан адамдар жіберіледі. Жүкті әйелдер және емізулі баласы бар ейелдер жіберілмейді. Өлі жерде тамақ ішуге, темекі шегуге тыйым салынады.
- ауру малдардың сүтін қайнатып, пастерлеуден өткізгеннен кейін ішуге рұқсат етіледі; бруцеллез малдарды саууға тыйым салынады.
- мал тұрған бөлмелерге кірерде дезинфекцияланған төсеніштерді басып өту қажет;
- науқас малдар бөлек бағылады және дезинфекция жасалып тұрады.
Өндірістік құрылыстар желдеткіштермен қамтамасыз етілуі тиіс. Ол табиғи және жасанды болады. Табиғи желдеткіш ретінде форточкалар, есік, терезелер пайдаланылады. Олардың жалпы ауданы еденнің ауданының 2 пайызынан кем болмауы тиіс.
Тәжірибе арқылы бөлмені сағатына қанша рет желдету қажеттігі белгіленген. Мысалы: аккумуляторлар батареясын зарядтайтын бөлме үшін К = 10, пісіріп дәнекерлеу цехында К = 6, қозғалтқыштарға сынақ жасайтын бөлмеде К = 4.
Қысқасы, желдету жиілігін төмендегі формуламен анықтауға болады:

K= (7)


Мұндағы
l- бір сағатта бөлмеге енгізілетін,яки бөлмеден шығарылатын ауаның көлемі (м2); v- бөлменің көлемі(м3 );


Сонымен қатар, адамдардың денсаулығын сақтаудың бір жолы бөлмеде нормалы температураның сақталуы.Ол үшін түрлі пештер (электр пеші, отын пеші, сумен,
пармен, ауамен жылытатын) пайдаланылады. Ауамен жылыту дегеніміз - калорифер пайдалану деген сөз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет