3. Еңбек қорғау қызметінің атқаратын әрекеттері Кәсіпорынның Еңбек қорғау қызметі белгіленген міндеттерге сай мынадай әрекеттерді жүзеге асырады:
3.1. Кәсіпорындағы еңбек қорғау басқармасы жүйесінің жасалуын, өндіріске енгізілуін және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
3.2. Еңбектің қауіпсіздігі мәселелеріне қатысты кәсіпорынның функционалдық және өндірістік бөлімшелерінің жұмысын үйлестіреді және кәсіподақ ұйымдарының еңбек қорғау жөніндегі өкілдерімен, сондай-ақ еңбек қорғаудың аймақтық басқармасының қызметкерлерімен бірлесе әрекет етеді.
3.3. Кәсіпорынның еңбек қауіпсіздігі тұрақты жұмыс істейтін комиссиясының қызметін ұйымдастырады.
3.4. Тиісті бөлімдермен және қызмет түрлерімен бірлесе отырып, еңбек қорғаудың жағдайына бақылау жасауды жүзеге асырады және әр қызметкерді жұмыс орнындағы еңбек жағдайымен және еңбек қорғаудың ахуалы жөніндегі нақты және толық ақпаратпен қамтамасыз етеді. Қызметкерлерді тиісті дербес қорғаныс құралдары, оларға жасалатын жеңілдіктер мен төлемдер туралы толық хабардар етеді.
3.5. Жұмыс орындарын еңбек қорғаудың жағдайлары бойынша аттестациядан өткізуді ұйымдастырып, оған тікелей басшылық жасайды.
3.6. Өндірістік үдерістер мен жұмыстарды жүргізудің қауіпсіздігін, өндірістік жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды, тұрмыстық қызмет орындарын пайдаланудың техникалық ахуалын және дұрыстығын бақылайды.
3.7. Жұмыс істеушілердің сүтпен, сабынмен, майлы күйені жуып кетіретін және зиянсыздандыратын құралдармен, сапалы, мемлекеттік стандарттарға сай келетін, өндірістік-техникалық жағдайлары мен ахуалына сәйкес аяқ киімдермен және басқа дербес қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуін бақылайды, оларды қабылдаудың, сақтаудың, тазалаудың, жуудың және жөндеудің барысын тексереді.
3.8. Жұмыс істеушілердің жұмыстың қауіпсіз тәсілдерін дер кезінде және терең оқып үйренуін, жұмысшылардың бұл саладағы білімін арттыру мақсатымен нұсқа берілуін және оны қалай меңгергенін тексеруді, нұсқа беру жөніндегі тіркеу журналын дұрыс жүргізуді бақылайды.
3.9. Кәсіпорынның белгілі бөлімдері үшін алдын ала белгіленген стандарттарға, ережелерге және басқа да нормативтік құжаттарға сай еңбек қорғау мәселелер жөніндегі техникалық құжаттардың болуын және оны дұрыс жүргізілуін бақылайды.
3.10. Жұмысшылар мен инженер-техник қызметкерлердің жұмысқа алғаш кірер кездегі нұсқау алуының бағдарламасын жасайды, кәсіпорынға келген қызметкерлерді сол бағдарламамен жете таныстырады.
3.11. Басшылар мен мамандардың білімін тексеру жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиясының жұмысын ұйымдастырады және оның дұрыс өткізілуін қамтамасыз етеді. Комиссияның жұмысын білімі тексеруден өткізілген адамдар да тартылады. Басшылар мен мамандардың білімін тексерудің нәтижелер хаттама арқылы бекітіледі.
3.12. Еңбек қауіпсіздігінің ережелері мен нормалары бұзылған және жұмыс барысында кемшіліктер айқындалған жағдайда оларды жедел жою жөнінде кәсіпорын бөлімшелерінің басшыларына және басқа лауазымды адамдарға жазбаша ескертпе беріледі. Мұнда жазбаша ескертпелер кәсіпорын басшысының (иесінің өкімі арқылы ғана өзгертіледі).
3.13. Жұмысты жүргізудің қауіпсіздігі жөніндегі қазіргі қолданылып жүрген нұсқауларды, кәсіпорын стандарттарын (КСТ), ескертпелерді жасайды және қайта қарайды, цехтар мен қызмет түрлерінің бастықтарына белгілі нұсқаулар жүйесін жасауға тәсілдемелік көмек көрсетеді.
3.14. Еңбекті қорғау кабинетінің жұмысын ұйымдастырады, оны қажетті оқу және көрнекі құралдармен, оқудың техникалық жабдықтарымен, т.б. қамтамасыз етудің шараларын белгілейді.
3.15. Кәсіпорынның бөлімшелерін нормативті құжаттармен, ережелермен, нұсқаулармен, плакаттармен және еңбекті қорғауға қажетті басқа да оқу құралдарымен қамтамасыз ету шараларын қабылдайды.
3.16. Жұмыс істейтін адамдардың барлық тобының Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін оқып-үйренуін, еңбекті қорғау мәселелерін белгіленген тәртіп бойынша байқаулар, конкурстар, лекция оқу, көрмелер ұйымдастыру, витриналар мен стендтер жасау ережелерді, нұсқауларды және плакаттарды кеңінен тарату, кино және диафильмдерді көрсету сияқты басқа да шаралар арқылы насихаттауды ұйымдастырады.
3.17. Тиісті бөлімдермен, қызмет түрлерімен бірге еңбек жағдайларын жақсарту мен сауықтыру жөніндегі шараларды ұйымдастырады. Бұл шараларды жинақтайды және оған талдау жасауды ұйымдастырады.
3.18. Кәсіпорын бөлімшелеріндегі еңбек жағдайларының жалпы ахуалына кем дегенде әр тоқсанда бір реет талдау жасайды, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларының бұзылуы, жұмысты қауіпсіз жүргізудің нұсқауларын бұзу шараларына талдау жасайды, өткізілген шаралар мен қабылданған шешімдердің тиімділігін талқылайды.
3.19. Ұжымдық шарттың «Еңбекті қорғау» бөлімін әзірлеуді, еңбекті қорғау жөніндегі номенклатуралық шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
3.20. Өндірістегі қайғылы жағдайларды, кәсіби аурулар мен апаттарды зерттеу ісіне қатысады және олардың есебін жүргізеді. Талдаудың материалдарын облыстағы еңбекті қорғау басқармасында тіркеуден өткізеді. Қайғылы жағдайларға жасалған талдаулардың қорытындылары бойынша тиісті бөлімшелердің қызметкерлерімен бірге болашақта ондай жағдайларды болдырмаудың алдын алу шараларын белгілейді және ондай шаралардың жүзеге асырылуына бақылау жасайды.
3.21. Цехтардың, бөлімдердің және қызмет түрлерінің басшыларына көсіпорында орын алған қайғылы жағдайлар, сондай-ақ өзге көсіпорындарда кездескен осы тәріздес қайғылы жағдайлар жөнінде хабарлап отырады.
3.22. Өндірістік жабдықтар мен объектілерді қауіпсіздік құралдарымен жарақтандыруға бақылау жасайды.
3.23. Қайғылы жағдайлардың алдын алатын және оған тосқауыл жасайтын неғұрлым жетілдірілген құрылғылар мен қондырғыларды жасап, өндіріске өндіруге қатысады, басқа да қорғаныс құралдарын және бұл шаралардың тиімділігіне талдау жасайды.
3.24. Стандартқа сай емес жабдықтарға, жаңа өндіріс құрылысына, жекелеген цехтарды, санитарлық-тұрмыстық орындарды қайта құруға, ғимараттарды, құрылыстарды және технологиялық жабдықтарды күрделі жөндеуден өткізуге жасалған жобалық-техникалық құжаттарды талдауға қатысады.
3.25. Жаңадан салынған және қайта құрылған өндірістік объектілерді, санитарлық-тұрмыстық және қоймалық ғимараттарды, жабдықтарды, сондай-ақ технологиялық үдерістерді қабылдап алып, пайдалануға беру жөніндегі комиссияның жұмысына қатысады, жаңа техника үлгілерін сынақтан өткізуге және өндіріске енгізуге белсене атсалысады.
3.26. Еңбекті қорғау мәселелері женіндегі бұйрықтардың, шешімдердің, нұсқаулардың, өкімдердің жобаларын, тәсілдемелік және жалпы шолулық құжаттарды даярлайды.
3.27. Еңбекті қорғаудың аймақтық басқармасымен, мемлекеттік қадағалаудың жергілікті органдарымен, ғылыми-зерттеу институттарымен және басқа да ұйымдармен еңбекті қорғау қызметінің міндетіне кіретін мәселелер бойынша жедел байланыс жасауды жүзеге асырады. Ғылыми-зерттеу және жобалық-құрылымдық ұйымдардың еңбекті қорғау саласындағы ұсыныстары мен жаңалықтарын өндіріске енгізуді ұйымдастырады және оған бақылау жасайды.