Дәрігерлік алдын алу және санитарлық-гигиеналық шараларға оларды дәрігерлік байқаудан өткізіп түру,түрлі ауруларға қарсы егу мен өндірістік гимнастикан жүргізу, еңбекшілердің тамақтануы мен демалуы, және гигиенасын қатаң сақтау жұмыстары жатады.
Техникалық шараларға техниканы және технологиялық үдерістерді жетілдіру, оларды зиянды өндірісті факторларды тудырмайтын әдістермен алмастыр өндірістік үдерістерді механикаландыру, автоматтандыру және қашықтан басқаруды ұйымдастыру, қорғану құралдарын пайдалану, жүмыс орнында желдеткіш жылу беретін қондырғыларды орнату, жеткілікті жарықпен және басқа да қажетті жабдықтармен қамтамсыз ету жатады.
Ұйымдастыру шараларына еңбекшілерді жұстеуге рүқсат етудің талаптарын орындау, жұмыс орымыстарын дұрыс ұйымдастыру, еңбек және демалыс режимдерін қатаң сақтау, өндірістің жоғары мәдениетін қалыптастыру, еңбекшілерді еңбек қорғауға оқыту арқылы олардың біліктілігін арттырып отыру, өндіріс аумағын да, өндірістік бөлімдер мен тқрмыстық бөлмелерде санитарлық ережелерді сақтау жатады.Еңбек жағдайы зиянды жұмыстардағы адамдарға заңда белгіленгеніндей, меншік иесі есебінен мемлекеттік басқару органдары белгілеген нормалардан кем түспейтін және ұжымдық шарт негізінде сүт, ал еңбек жағдайы ерекше зиянды жұмыстарды орындайтын адамдарға тегін емдеу, алдын алу тамағы берілуі тиіс.
Қол еңбегімен атқарылатын жұмыстарды ұйымдастыру.
Еңбек шартты түрде қол күшімен атқарылатын және ой еңбегімен атқарылатын болып бөлінеді. Еңбектің бұл екі түрі бір-бірімен байланысты болады. Жұмыс кезінде денеге түсетін күш статикалық және динамикалық болып бөлінеді.
Статикалық күш дегеніміз дененің қозғалыссыз қалпында үзақ уақыт бірқалыпты күйде болуынан әсер(тигізетін жүк болып табылады. Ол адамды шаршатады.
Динамикалық күш дегеніміз жүмысшының жұмыс орнында үнемі қозғалыста болуынан денеге түсетін жүк боллып табылады.
Қол күшімен атқарылатын жүмыстар бұлшық еттің энергиясын пайдалануға негізделген. Оны үнемдеу үшін жұмыстың ауқымына қарай энергияны пропорционалды пайдалану, қарама-қарсы бағыттағы қозғалыстардың тепе-теңдігін сақтау, екі қолмен атқарылатын жұмыстардың басталуы мен аяқталуын сәйкестендіру қажет.
Жүк көтеру жөне оны қолмен тасымалдау жұмыстарында жүмысшының жасы мен жынысына қарай Белгіленген нормалар сақталуы тиіс. Мысалы, 16-дан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер үшін жүк көтерудің шекті мөлшері 16 кг, ал жасы 18-ден асқан ерлер үшін ■>0 килограмнан аспауы тиіс. 60-80 килограмм салмақты жүкті екі адам, ал бөрене, құбыр сияқты ұзын заттарды тасымалдауды бірнеше адам атқаруы қажет.
18 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен әйелдер пестицидтерді тиеп-түсіру жүмыстарына қатыстырылмайды. Ал мүндай жұмысты атқаратын адамдар оның улағыш қасиетімен таныстырылуы жөне онымен қауіпсіз жұмыс істеудің нұсқауы берілуі тиіс. Олардың жеке қорғану құралдарын пайдалануы қатаң бақылауға алынады.
Қол күшімен атқарылатын жұмыстар еңбек қауіпсіздігінің стандарттарына, нормалар мен ережелерге сәйкес ұйымдастырылады және еңбек пен демалыстың режимі сақталады.