Зертханалық ЖӨне тәжірибелік жұмыстар мазмұны


Өндірістік жарықтандыру және оны



бет32/74
Дата11.12.2022
өлшемі4,68 Mb.
#56433
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   74
Байланысты:
АГРО -ДЭРИСТЕРАул ЕК 1-7 Жаданов у

3.6. Өндірістік жарықтандыру және оны
тұрақтандыру

Адамның өмір сүруі үшін қажетті жағдайдың бірі -жарық. Жарықтың көзге әсер етуінен онда электрмагниттік толқындар пайда болады. Сол толқындардың шамасына қарай оның адам ағзасына әсер етуі де түрліше болады. Жақсы жарық адамның көңіл күйін жақсартып,жүйке жүйесінің қызметін қалыптастырады, еңбек өнімділігінің артуына әсер етеді. Ал, егер жұмыс орнында жарық нашар болса, онда адам шаршағыш болады, жиі кателеседі, тіпті көзді нашарлатып, қайғылы оқиғаға ұшырауына себеп болуы мүмкін. Сондықтан өндірістік жарыққа төмендегідей талаптар қойылады:


- жұмыс орнының жарығы мен оның құрамы күннің жарығына жақын болуы тиіс;
- жарықтың деңгейі нормаға сай жұмыс жасауға жеткілікті дәрежеде болуы тиіс;
- жарық бірқалыпты және тұрақты болуы тиіс;
- жарықтың деңгейі шамадан тыс жоғары болса,жұмыс орнындағы заттарды жылтыратып, көзге кері әсер жасауы мүмкін.
Өндірісті жарықтандыру екі түрлі жолмен, яғни табиғи және жасанды жарықтармен атқарылады.
Табиғи жарықтылық дегеніміз - күн сәулесінің немесе аспан күмбезінің түсіретін жарығы. Ол жарық жұмыс орнына жоғарыдан, қапталдан немесе аралас түсірілуі мүмкін. Әдетте, жоғарыдан және аралас түсірілген жарық бөлмені біркелкі жарықтандырады.
Табиғи жарық жеткіліксіз болған жағдайда және түн мезгілінде жасанды жарықтар пайдаланылады. Бүл жағдайда қызу лампалары немесе люминесцентті лампалар
қолданылады. Жасанды жарықты пайдалану мақсатына қарай жұмысшы, апаттық, эвакуациялық және сақшы жарық деп бөледі. Сондай-ақ, жасанды жарықтылық орналастырылуына қарай жалпы жарық, жергілікті жарық және аралас орнатылған жарық болуы мүмкін.Жалпы жарық бөлмені түгелдей біркелкі жарықтандырады, жергілікті жарық тек қана жұмыс орнын жарықтандырады, ал аралас орнатылған жарық жоғары дәлдіктегі жұмыстарды атқаратын жұмыс орындарын жарықтандырады.
Өндірістік бөлмелерде өңделетін затқа, түсірілуге тиісті жарықтың төменгі деңгейі жұмыстың түріне байланысты 11-4-79 санитарлық нормалар мен ережелерде белгіленген. Осы нормаға сәйкес, ең жоғары жарық 5000 люкс (Іа тобы), ең төменгі жарықтылық 30 люкс (УІІІв тобы). Жалпы жарықтандыру мақсатында пайдаланылатын шырағдандардың жарықтылығы қызу лампалары үшін 100-50 люкс, ал люминесцентті лампалар үшін 500-150 люкс аралығында болуы тиіс.
Көзбен көріп жасалатын жұмыстардың бұл сегіз тобы бөлменің ішіндегі жұмыс орындары үшін белгіленген болса, сырттағы жұмыстар үшін жарықтылығы 50-ден 2 люкске дейінгі аралықтағы қосымша бес топ (ІХ-ХІІІ) енгізілген.
Апаттық жарықтан пайда болатын ең төменгі жарықтылық бөлменің ішінде 2 люкстен кем болмауы, ал кәсіпорынның ауласында 1 люкстен кем болмауы тиіс.
Эвакуациялық жарық адамдарды қауіпсіз құтқару үшін жасалады және оның деңгейі бөлме ішінде 0,5 люксті, ал сыртқы аулада 0,2 люксті қамтамасыз етуі тиіс.
Сақшы жарық ауланың шекарасын жарықтандыру үшін жасалады және оның жарықтылығы 0,5 люкстен кем болмайды.
Жұмыс орындарының және агрегаттардың ұтымды жарықтандырылуы еңбек өнімділігінің артуына және еңбекшілердің жарақат алу мүмкіндігін азайтуға ықпал етеді.
Табиғи жарықтылықтың деңгейі оның коэффициентімен бағаланады (е). Мысалы: машина жөңдеу шеберханасында - (2-3), мал қораларында - (2), қоймалар мен гараждарда (1)-ге тең.
Табиғи жарықтың нақты мөлшерін люксметр деген құралмен анықтайды. Жарық селеналық фотоэлементке түскен кезде электр қозғауыш күш пайда болады да,гальванометрдің нұсқарын бүрады. Ол люкспен өлшенетін етіліп межеленген.





7-сурет. Люксметрдің сызбасы:
1 - болат пластина; 2 - селена; 3 - жапқыш мөлдір қабат; 4 - мөлдір алтын қабат; 5 - металл сақина;6 - жарық сүзгісі; 7 – гальванометр.
жарықтылыққа қатынасына тең.
( 8)
Жарық бөлменің қабырғасының және бөлмедегі жабдықтардың түсіне байланысты болады. Мысалы, ақ қабырғадан жарықтың 80 пайызы қайтса, көк қабырғадан
тек 11 пайызы ғана қайтады. Сондай-ақ, терезенің, лампалардың шаңын сүртіп тұру қажет.
Жасанды жарық кәдімгі шамдармен және шырақтармен жасалады. Лампалардың қуаты, қойылатын орны есептелуі тиіс.
Бір шырағданның жарықтылығын төмендегі формуламен анықтауға болады:

Ин- жарықтың нормасы, лк; S – бөлменің ауданы,м2;
Z = 1,15 - орташа жарықтылыктың ең төмен жарықтылыққа қатынасын анықтайтын коэффициент; Кз – қор коэффиценті;
N - шырағданның, светильниктің саны;
- жарықты пайдалану коэффициенті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет