3.Гидролиз өнімдерінің касиеті. Сынауыққа темір (III) хлоридінің ерітіндісін құйып, лакмус қағазына әсерін тексеріңдер. Темір (III) хлориді гидролизінің 1-ші сатысының теңдеуін жазыңдар. Сол ерітіндіге аздаған магний ұнтағын салыңдар. Қандай газ түзіледі? Түсіндіріңдер.
4.Гидролиз дәрежесіне температураның әсері. Сынауықта 3 мл темір (III) хлориді мен 3мл натрий ацетатын қосыңдар. Реакция жүре ме? Ерітіндіні қайнағанша қыздырыңдар. Не байқалады? Темір(III)ацетатының сатылы гидролизінің теңдеулерін жазыңдар.
5.Ерітіндіні сұйылтудың гидролиз дәрежесіне әсері. Сынауыққа 1мл сурьма (III) хлоридінің ерітіндісін құйып, оған тұнба түзілгенше тамшылатып дистилденген су қосыңдар. Сұйылтудан бұрын гидролиз бірінші сатысында ғана жүретінін ескеріп, гидролиз реакциясының теңдеуін жазыңдар. Сұйылтудың әсерінен гидролиздің екінші сатысы күшейеді де, сурьманың (III) дигидроксидінің ыдырауы нәтижесінде сурьманың оксохлориді түзіледі. Ерітіндіні келесі тәжіриеге сақтап қойыңдар.