Зертханалық сабақтарды орындаудың әдістемелік нұсқауы №1 зертханалық жұмыс



бет19/23
Дата30.09.2023
өлшемі8,67 Mb.
#112028
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Лаб Жалпы химия

Тотығу-тотықсыздану реакциялары
Жұмыстың мақсаты: тотығу-тотықсыздандыру реакцияларын жүргiзу. Элементтердiң тотығу дәрежесiн анықтау арқылы реакцияны электрондық немесе иондық-электрондық әдiстері бойынша теңестiру. Тотығу-тотықсыздандыру реакциясының жүруі оның өткізу жағдайларына тәуелді екенін зерттеу.


Тәжірибелер:Кажетті аспаптар мен реактивтер: сынауықтар, штативтер; ерітінділер:
Тотығу-тотықсыздану реакцияларының өнімдерінің ерітінді ортасына тәуелділігі.
1. Үш сынауық алып үшеуіне де ерітіндісін құйыңдар. Біріншісіне , екіншісіне , үшіншісіне ерітіндісін қосыңдар. Содан соң үш сынауыққа да шамалы ерітіндісін құйыңдар. Әр сынауықта не байқалады? Калий перманганаты қышқыл ортада ионына, бейтарап ортада , сілтілік ортада ионына дейін тотықсызданатынын ескеріп, жүрген тотығу-тотықсыздану реакциялары теңдеулерін электрондық теңдеу құру арқылы екі әдісті қолданып құрыңдар. Тотықтырғышты, тотықсыздандырғышты анықтаңдар және олардың эквиваленттерін есептеңдер. Осындай тәжірибені -тің орнына , алып жүргізіңдер. Реакция теңдеулерін құрыңдар.

Бақылау сұрақтары:
1.Электрондық баланс әдісінің ерекшелігі неде?
2.Ионды-электронды баланс әдісінің артықшылығы қандай ?
3.Тотығу-тотықсыздану реакцияларының электр қозғаушы күштері қалай анықталады?
11 зертханалық жұмыс
Органикалық қосылыстардың құрамына кіретін элементтерді ашу. Органикалақ қосылыстарды тазарту.
Қайта кристалдандыру.
Реактивтер: Қымыздық қышқылы, ацетанилид
Сыйымдылығы 100 мл стаканға 2г. Қымыздық қышқылын салып, оның үстіне 5 мл су құйып, қоспаны қышқыл толық ерігенше қыздырады да, алынған ыстық ертіндіні қатпарлы сүзгімен қолбаға сүзеді. Алынған ертіндіні колба сыртынан суық сумен тез салқындатады. Колба түбіне ине тәрізді қымыздық қышқылының кристалдары шөгеді. Қоспаны Бюхнер воронкасында сору арқылы сүзіп, алынған кристалдарды суық сумен аздап жуады да, сүзгі қағазда суын сорғызу арқылы кептіреді.
Айдау. Реактивтер: суйық органикалық заттар(бензол, толуол, бутил не изо- амил спирт).
Айдауға арналған прибор құрастырады. Газ өткізгіш түтігі бар пробирка алып, термометрі бар тығынмен тығындайды, сынып бағанасы газ өткізгіш түтігінен төмендеу болып орналасу керек. Сұйықтыктан температурасы 10-15 С-ка жеткенше термометр шкаласындағы бөліктерін жаппау керек. Термометр пробирка қабырғасына тимеуін қадағалайды. Түтікті өткізгіш түтіктен жоғары штативке бекіту керек. Өткізгіш түтікке тоңазытқыш түтігін жалғап оны, басқа штативке бекітеді. Айдау кезінде түтіктің түбіне қабылдағыш пробирканы қояды. Газ өткізгіш түтігі бар пробиркаға айдауға керекті сұйықтықты құйып, қайнатқыш тастарды салады. Сұйықтық пробирка түбіне өткізгіш түтікке дейінгі деңгейде болуы керек. Айдауға алынатын сұйықтықтың мөлшерін өлшейді.
Термометрі бар тығынмен қатты тығындап, тоңазытқыш түтігінің бірінші қабылдағышты қояды. Айдағыш түтіктегі сұйықты әлсіз жалында қыздырады. Термометрдің көрсеткіші мен қабылдағышқа келген айдау өніміне байланысты сұйықтытың бірқалыпты қайнауын бақылау керек. Қабылдағышқа 1-ші тамшы айдау өнімі түскенде термометр көрсеткішін белгілеп жазу керек.
Айдау жылдамдығы шамамен 1 секундта 1 тамшының түскеніндей болуы керек, ал термометрдің резервуарында айдау кезінде тамшы болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет