Зертханалық сабақтарды орындаудың әдістемелік нұсқауы


Гидролизге ұшыраған тұздар ерітінділерінің ортасы



бет15/19
Дата26.09.2022
өлшемі0,65 Mb.
#40273
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
2. Гидролизге ұшыраған тұздар ерітінділерінің ортасы. Төрт сынауық алып біріншісіне натрий карбонаты, екіншісіне мыс (II) сульфаты, үшіншісіне мырыш ацетаты, төртіншісіне натрий хлориді ерітінділерін кұйып, әмбебап индикатор қағазы арқылы ерітінді ортасын анықтаңдар. Тұздардың қай типке жататынын еске алып, гидролизге ұшырауы жөнінде қорытынды жасаңдар. Гидролиздің молекулалық, иондык теңдеуін құру арқылы ерітінді ортасының өзгергенін түсіндіріңдер. Нәтижесін кестеге жазындар.
1-кесте

Тұз
формуласы

Лакмус
түсі

Реакция
ортасы

рН көрсеткіші
рН>7, рН<7, рН=7













3. Гидролиз өнімдерінің касиеті. Сынауыққа темір (III) хлоридінің ерітіндісін құйып, лакмус қағазына әсерін тексеріңдер. Темір (III) хлориді гидролизінің 1-ші сатысының теңдеуін жазыңдар. Сол ерітіндіге аздаған магний ұнтағын салыңдар. Қандай газ түзіледі? Түсіндіріңдер.
4. Гидролиз дәрежесіне температураның әсері. Сынауықта 3 мл темір (III) хлориді мен 3мл натрий ацетатын қосыңдар. Реакция жүре ме? Ерітіндіні қайнағанша қыздырыңдар. Не байқалады? Темір(III)ацетатының сатылы гидролизінің теңдеулерін жазыңдар.
5. Ерітіндіні сұйылтудың гидролиз дәрежесіне әсері. Сынауыққа 1мл сурьма (III) хлоридінің ерітіндісін құйып, оған тұнба түзілгенше тамшылатып дистилденген су қосыңдар. Сұйылтудан бұрын гидролиз бірінші сатысында ғана жүретінін ескеріп, гидролиз реакциясының теңдеуін жазыңдар. Сұйылтудың әсерінен гидролиздің екінші сатысы күшейеді де, сурьманың (III) дигидроксидінің ыдырауы нәтижесінде сурьманың оксохлориді түзіледі. Ерітіндіні келесі тәжіриеге сақтап қойыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет