Жұмысы орындалу барысы:
Спорогонии мөлшері жағынан гаметофиттерден әлде-қайда кішкентай. Спорогонийді микроскоп арқылы қарағанда, жетілген спорогонин қысқа аяқшадан, оның жоғарғы жағы сопақ дөңгелекше қорапшамен аяқталатынын көруге болады. Спорогонияның қорапшасының ішінде редукциялық бөлінудің нәтижесінде гаплоидты споралар және пружиналар немесе элатерлер пісін түзіледі. Бұл пружиналар споралар пісін жетілгенде олардың таралуына көмектеседі.
Маршанция дара жынысты өсімдік. Аталық дарақтарында ерекше 8 салалы дискі тәрізді қысқа аяқшада орналасқан өсінділер пайда болады. Егер микроскоп арқылы дискілердің тік кесіндісін қарайтын болсақ оның жоғарғы бетінде қуыстарды көруге болады,әрбір қуысты бір антеридии болады. Антеридиидің ішінде 2 талшықты сперматозоидтар түзіледі.
Аналық дарақтар көп сәулелі жұлдызшаға ұқсас, оларда аяқшаға орналасқан. Бұлардың да тік кесіндісінен архегонияның тобын көруге болады. Архегонияның формасы колбаға ұқсас болып келеді, кеңейген төменгі бөлім және жоғарғы ұзын мойын бөлімнен.
Көкек зығыры өсімдігінің спорангиін микроскоп арқылы қараған оның ұзын аяқшасын урна тәрізді қорабшасын, қақпағын ішкі жағындағы бағанасын көруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |