Зертханалық сабақтарды орындаудың НҰСҚаулығЫ №1 Зертханалық жұмыс Тақырыбы



бет22/40
Дата26.04.2022
өлшемі63,14 Kb.
#32379
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40
Жұмыстың орындалу барысы:Микроскоппен өнбеген және өнген хламидоспораны қарау. Саңырауқұлақтың қара күйе аталуы өсімдік масағының сыртқы көрінісіне байланысты, масақ отқа күйген сияқты қарайған түрде болады. Астық бастыру кезінде хломидоспора сау дәнге жабысады. Астық тұқымдастарының тозаңды қара күйемен зақымданған кеппе шөптерімен танысу.

Микроскоп арқылы бидайдың қатты және тозаңды күйесінің спораларын қарау (бір препаратта) алдыңғы спора екіншісіне қарағанда ірілеу болады. Сонымен қатар қатты қара күйе спорасының үстінңгі беті торлы болып келеді..

Астықтың сызықтық таты екі өсімдікте паразитті тіршілік етеді – астықта және сарыағашта. Астық тұқымдасы негізгі ие -өсімдік, сарыағаш-аралық. Сызықтық татпен зақымданған кеппе шөптерді қараймыз. Жаздың ортасында жиналған өсімдіктердің сабағы және жапырағында ұзынша келген темірдің таты сияқты дақтарды көруге болады. Бұлар жазғы споралар – уредоспоралар. Жаздың екінші жартысында жиналған астықтың кеппе шөбінде қара түсті дақтарды көруге болады – олар қысқы – телейтоспоралар. Бұлар уредоспора спора болған жерде пайда болады.

Микроскоп арқылы уредо – және телейтоспораны қараймыз. Әрі қарай зақымдалған сарыағаш жапырағын қарап, жоғарғы бетінде қара нүктелерді – пикниддиді, ал астыңғы бетінде – сарғыш-қоңыр дақтар – эуидияларды көруге болады. Микроскопта зақымданған жапырақтың көлденең кесіндісін қарау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет