Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер



бет41/71
Дата02.03.2023
өлшемі1,11 Mb.
#71327
түріСабақ
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   71
Байланысты:
Зертханалы саба тарды О у материалдары сутегі №1 зертханалы ж

11. Кобальт алюминатының түзілуі. Сүзгі қағазының бір бөлігін алюминийдің қандай да бір тұзымен және 1-2 тамшы тұзымен ылғалдап, жалынға ұстап кептіріңдер. Содан кейін тигельге салып, жағып, күлін әбден ұнтақтаңдар. Жоғарғы температурада түзіледі, түсі көк, тенар көгі деп аталады. Реакция теңдеуін жазыңдар.
Металдарға жалпы сипаттама
Қалайы, қорғасын және олардың қосылыстары
Бақылау сұрақтары
1. Қалайы мен қорғасын атомдарының электрондық формулаларын жазыңдар.
2. Оксидтерінен қалайы мен қорғасын қалай алынады? Реакция теңдеуін құрастырып, жүру жағдайларын көрсетіңдер.
3. Қалайы мен қорғасынның тұз, күкірт және азот қышқылдарымен әрекеттесу теңдеулерін жазыңдар.
4. Қалайы, қорғасын оксидтері мен гидроксидтерінің қышқылдық, негіздік қасиеттері қандай? Сәйкес реакция теңдеулерін молекулалық-иондық түрде жазыңдар.
5. IV топшадағы элементтердің сутекті қосылыстарының формулаларын жазыңдар, олардың құрылысын сипаттаңдар.
6. Қалайы мен қорғасынның қосылыстарында тотығу дәрежелері қандай? Бұл қосылыстардың тотығу-тотықсыздану қасиеттерін сипаттаңдар. Сәйкес реакция теңдеулерін жазыңдар.
7. Қалайы мен қорғасынның катиондары ерітіндіде бірге болса оларды қалай анықтауға болады? Сәйкес реакция теңдеулерін молекулалық-иондық түрде жазыңдар.
14 зертханалық жұмыс
Тәжірибелер
Аспаптар мен реактивтер: қалайы, қорғасын, мырыш металдары, тұз қышқылы, күкірт қышқылы, азот қышқылы, натрий гидроксиді, қалайы (ІV) хлориді, қалайы (ІV) хлориді, сурик , қорғасын (ІV) оксиді, қорғасын ацетаты немесе нитраты, көмірқышқыл газы , фарфор табақша, сынауықтар.
1. Қалайының қышқылдармен әрекеттесуі. (тартпа шкафта жасау қажет). Алты сынауық алып, әрқайсысына 2 түйірден қалайы салып, сұйытылған және концентрлі қышқылдар ерітінділерімен алғашында бөлме температурасында әсер етіңдер, кейін қыздырыңдар. Байқалған құбылыстарды жазыңдар. Қалайы сұйытылған азот қышқылымен әрекеттескенде (салқында) ерітіндіде аммоний тұзы түзілетінін, ал концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттескенде реакция өнімі күкірт (IV) оксиді екенін ескере отырып, реакция теңдеулерін жазыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет