Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер



бет38/71
Дата02.03.2023
өлшемі1,11 Mb.
#71327
түріСабақ
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   71
Тәжірибелер:
Аспаптар мен реактивтер: темір тигель, фарфор тигель, шыны таяқша, платина немесе нихром сым, 100 мл стақан, сынауықтарымен штатив, магний лентасы, алюминий сымы, натрий тетрабораты (бура) , бор қышқылы , алюминий сульфаты , калий сульфаты , натрий хлориді , әмбебап қағазы, сүзгі қағазы, мақта, органикалық бояулар, (ρ=1,84 г/мл), (ρ=1,18 г/мл), азот қышқылы , натрий гидроксиді , кобальт (ІІ) хлориді , кобальт (ІІ) нитраты , сынап (І) хлориді немесе сынап (ІІ) хлориді , натрий ацетаты аммоний хлориді , аммоний сульфиді 2н, хром (ІІІ) сульфаты .
1. Аморфты борды алу. а) Темір тигельге шамалы ғана бор қышқылын салып, қыздырып, ұнтақтаңдар. Бор (III) оксидінің шыны тәріздес массасының түзілгендігі байқалады. Ортобор қышқылының сатылап дегидратациялану және бор (III) оксидінің түзілу реакциясының теңдеуін жазыңдар.
Енді бор (III) оксидін келіге салып ұнтақтап, массасын өлшеп, оған екі еседей көп ұнтақ -ді қосып, араластырыңдар. Қоспаны қыздырыңдар. Сонан соң алынған массаны стақанға салып сұйытылған қосыңдар. Неге? Қоспадағы қай компонент -мен әрекеттеседі? Реакция теңдеуін жазыңдар. Бор ұнтағын сүзу арқылы бөліп алып, түсін, -ға әсерін жазыңдар.
ә) Ұнтақ күйіндегі борға сілтімен әсер етіңдер.
2. Ортобор қышқылын алу және оның қасиеттері. а) Сынауықтағы натрий тетраборатының қанық ерітіндісіне (бура) жайлап конц. , ерітіндісін құйыңдар. Қоспаны су астында салқындатыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
ә) Ортобор қышқылының суда ерігіштігін (суық күйде, қыздырып) байқап, қорытындысын жазыңдар.
б) Аз ғана ортобор қышқылын суда ерітіп, лакмус қағазына әсерін байқаңдар (алынған ерітіндіні 2г-тәжірибеге сақтап қойыңдар). Ортобор қышқылының диссоциациялану дәрежесі қандай? Қорытындысын жазыңдар
в) Сынауыққа 1 г ортобор қышқылы мен 1 г натрий хлоридін араластырып салыңдар. Сынауықты штативке бекітіп, қыздырыңдар, қандай газ бөлінетіндігін иісі арқылы анықтаңдар. Ол газды қалай бөліп алуға болады, реакция теңдеуін жазыңдар. Неге ортобор қышқылы тұз қышқылын ығыстырып шығарады? Осы тәжірибені 2б-мен салыстырыңдар. Қандай жағдайда қандай қышқылдар ортобор қышқылын ығыстырып шығарады?
г) 2б-тәжірибесінде алынған ортобор қышқылының ерітіндісіне қиындысын не ұнтағын салыңдар, қандай газ бөлінеді? Реакция теңдеуін жазыңдар.
д) Платина немесе нихром сымының ұшын иіп, қатты қыздырып, сонан соң ұнтағына тигізіп, сымды қайтадан жалынға ұстаңдар. Жалынның түсі қалай өзгереді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет