2. Оттегінің тотықтырғыш қасиеттері. а,ә,б,в тәжірибелеріне газометрде жиналған оттегін (60-сурет) пайдалану керек.
а) Күкіртті қыздырып тұтанған кезде оттегі толған ыдысқа салып, түбіне дейін жеткізіп ауада және оттегінде жануын салыстырыңдар. Содан соң су құйып араластырып лакмуспен сынаңдар. Қандай заттар түзіледі? Реакция теңдеулерін жазыңдар.
ә) Күкірттің орнына фосфорды алып алдыңғы тәжірибені қайталаңдар.
б) Алдын ала қыздырылған магний лентасын оттегі бар ыдысқа салып жағыңдар. Түзілген затқа су құйып шайқаңдар. Лакмусқа әсері қандай? Реакция тендеулерін жазыңдар, қорытынды шығарыңдар.
в) Болат (темір) сымға шамалы көмірді іліп алып қызарғанша қыздырып, оттегі бар ыдысқа салыңдар. Темір сымның жануын байқаңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар (темірдің аралас оксиді түзіледі).
г) Калий нитратын құрғақ сынауыққа салып (61-сурет), штативке бекітіп тұз балқығанша қыздырыңдар. Газ бөлінген кезде бір кесек ағаш көмірді қыздырып салыңдар. Күкірттің молекулалық және атомдық оттегінде жануын салыстырыңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
д) Алмасу реакциялары арқылы(II) гидроксидін алыңдар. Газометрден оттегін біртіндеп жіберіп оның тотығуын байқаңдар. Түсі қалай өзгереді? Реакция теңдеуін жазып, жану және тотығу реакцияларының айырмашылығы қандай екенін түсіндіріңдер.
3. Озонның алынуы және қасиеттері. Бір сынауыққа барий пероксиді ұнтағын салып, екінші сынауыққа концентрлі күкірт қышқылынқұйып, екеуін де салқын суда суытыңдар. Күкірт қышқылын барий пероксиді бар сынауыққа құйып шыны таяқшамен араластырып суытыңдар. Түзілген озон иісінен және ерітіндіге батырылған қызыл лакмус қағазының көгеруінен байқалады. Озонның калий иодидімен әрекеттесу реакциясының тендеуін жазыңдар.
Пероксидтер 1. Сутегі пероксидін анықтау. а) Сынауықтың 1/3 бөлігіне дейін су құйып 2-3 тамшы ерітіндісін және сондай мөлшерде сұйытылғанерітіндісін құйыңдар, оған 0,5 г диэтил эфирін және 3%-ті сутегі пероксидінің ерітіндісін қосыңдар. Сұйықтықтардың эфир қабатының түсі және су қабаты қалай өзгереді? Мұнда хром (III) сульфаты және эфир қабатында тұрақсыз хром пероксиді түзіледі. Хром пероксидінің құрылымдық формуласы: