Зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқауларПайдаланылған әдебиеттер тізімі
Зертханалы саба тар а арнал ан дістемелік н с аулар
КIРIСПЕ Бейорганикалық химия курсын меңгеру процесi дәрiстер тыңдаудан, зертханалық жұмыстарды орындаудан және қорытындылаудан, практикалық (семинарлық) сабақтардан және студенттердiң өздiндік жеке тапсырмаларын орындаудан тұрады. Студенттiң пәнді меңгеру деңгейi ең бірінші оның ынта-жігеріне, екіншіден келесі факторларға байланысты: • пәнге арналған оқу-әдістемелік кешенді (УМК) пайдалана білуіне; • дәрiстердi қаншалықты ұқыпты тыңдап түсiнiп жазып алуына; • зертханалық және практикалық сабақтарға қатысу белсенділігіне; • өзбетімен оқулықтармен жұмыс істеу алу қабілетіне; • анықтамалықтарды пайдалана бiлуiне; • химиялық есептерді шығара білу қабілетіне; • ағынды және шепті бақылаулардан дер кезінде өтуіне. Зертханалық сабақтарды өту кезiнде студент теориялық бiлiмiн тереңдетедi және химиялық эксперименттi орындау iскерлiгiн меңгередi. Теорияны қаншалықты бiлгенмен эксперимент жүргiзе алмайтын студент алдағы уақытта жан – жақты бiлiмдi ауылшаруашылық маманы бола алмайды. Эксперимент жасап үйренуден қорықпау керек, ол практикамен келетiн қабiлет. Экспериментсiз құр таза теория есте ұзаққа сақталмайды, тез ұмытылады. Студент жоғары оқу орнында эксперимент жасау iскерлiгiн жақсы меңгерсе алдағы уақытта мамандық иесi болған кезде кез- келген тапсырманы орындауда алғырлық және тапқыштық таныта бiледi, қойылған талапты қысқа жолмен тез жылдам орындай алатын болады. Ұсынылып отырған әдiстемелiк нұсқаулар бойынша бiрiншi курс студенттерi “Бейорганикалық химия” пәнiнен жеті тақырып бойынша зертханалық жұмыстар орындайтын болады. Практикалық сабақтарда (семинарларда) теориялық сұрақтар талқыланады, есептер шығарылады, үйге берiлген тапсырмалар тексерiледi. Ал СОӨЖ сабақтарында СӨЖ тапсырмаларын орындау жөнінде және түсініксіз сұрақтар бойынша консультациялар беріледі жүктеу/скачать 1,3 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |