«Зертханалық зерттеулерді жүргізудің негізгі прициптері. Биотехнологиялық зертханаларға қажетті құрал-жабдықтар тақырыбына модельді құрылымды макет»



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата07.02.2023
өлшемі3,7 Mb.
#65943
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
химиялық құралдар

Химиялық стакандар – ерітінділер дайындауға немесе
сұйық заттар құюға арналған цилиндрлер. Стакандарды
химиялық төзімді немесе жоғары температураға төзімді
шынылардан жасайды. Жоғары температураға төзімді
стакандардың бүйір жағында дөңгелек немесе төрт бұрышты
ақ түсті белгісі болады. Жай шыныдан жасалынған стаканды
таза жалынның үстінде қыздыруға болмайды. Оларды
қыздырушы прибордың бетіне төселген асбест тордың үстіне
қойып, немесе су моншасында қыздырады. 


 Воронкалар бір ыдыстан екінші ыдысқа сұйықтарды құю, ерітінділерді сүзу үшін
пайдаланылады. Воронкаға сұйықты толтырып құюға болмайды, әрі воронка ыдыстың
ауызында тығыз отырса, сұйық құйылған кезде ыдыстың ішінен ауаның сыртқа шығуы
қиындап ,сұйықтың ыдысқа құйылуы баяулайды, әрі абай болмаса ерітінді воронканың
сыртына төгіліп те кетуі мүмкін. Сондықтан, ең ыңғайлысы ыдыс ауызы мен воронканың
арасына бүктелген сым темір немесе бірнеше рет бүктелген қағаз қойған дұрыс. Қолданылу
саласына байланысты воронкалардың бірнеше түрлері бар:
 аналитикалық воронкалар (аналитикалық жұмыстар, ерітінділерді сүзу үшін),
 бөлгіш воронкалар (өзара араласпайтын әр түрлі ерітінділерді (мысалы, су мен май) бір
бірінен бөліп алу үшін) 
 тамшылатқыш воронкалар (бір ерітіндіге екінші бір ерітіндіні тамшылатып қосу үшін).


 Колбалар лабораториялық жұмыстарда
кеңінен қолданылатын шыны ыдыстардың
бір түрі. Колбалардың қолданылатын
саласына байланысты бірнеше түрлері бар. 
Лабораториялық жұмыстарда ең жиі
қолданылатындары – бүйірі томпақ және
табаны жалпақ колбалар (1 сурет). Колбалар
да жай шынылардан, жоғары температураға
төзімді шынылардан және кварцтан
жасалады. Конус тәрізді колбалар
(Эрленмейер колбасы) аналитикалық зерттеу
жұмыстарында (титрлеу) кеңінен
пайдаланылатын шыны ыдыстар.
 Шайғыштар сүзгі қағаздағы тұнбаларды, стакан және колбалардың ішкі қабырғасына
жабысқан жаттарды шаю үшін қолданылады. Бұндай шайғышты қолдан жасауға да 
болады. Ол үшін колбаның ауызына шақ келетін резіңке тығынды екі жерінен теседі де, 
олар арқылы иілген екі шыны түтік өткізеді. Түтіктің біреуі колбаның түбіне дейін жетуі
керек, ал екіншісі тығынның ішіне қарай сәл шығып тұрса жеткілікті. Қысқа түтік арқылы
ауызбен үрлеген кезде ұзын түтіктен су сыртқа шығады. Ауызбен үрлемес үшін шыны
колбаның орнына пластмассадан жасалған бөтелкелерді (мысалы минерал судан босаған) 
пайдалануға болады. Бұл жағдайда тығын арқылы бір ғана шыны түтік өткізіледі.
 Тамшылатқыштар сұйықтарды тамшы түрінде қосуға
арналған ыдыстар. Оларды қолдан жасауға болады. 



Бюретка – лабораторияда сұйықты, 
газды титрлеуге және олардың көлемін
дәл өлшеуге арналған арнайы шыны
түтіктер

Пипеткалар – сұйықтың белгілі
бір діл мөлшерін анықтау үшін
қолданылады.


• Арнайы ыдстар қатарына:
• Эппендорф
• Реактитверге арналған банкілер
• Сынама алуға арналған банкілер
• Центрифугаға арналған микропробиркалар;
• Пастер пипеткалары;
• Сваб (тампон-зонд);
Биохимиялық жұмыстарға арналған: арнайы және
өлшеуіш шыны ыдыстар, түрлері, сипаттамалары




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет