32) Қыздыруға және кептіруге арналған аппараттарға сипаттама беріңіз?
Қыздыруға арналған аппараттар: Электроплиталардың (пештерінің) әртүрлі көлемді, дөңгелек, төртбұрышты, ашык және жабық кедергілі түрлері бар. Оның бұрама сымдарын-спиралін жабатын тілімдері-пластинкалары металлдан, асбестен немесе талькшамоттан жасалады.
Колба коздыргыштар. Түбі дөңгелек шыны ыдыстардағы сұйық заттарды қыздыру үшін зертханаларда ортасы шұңқырланғар, кәдімгі плиталардың биіктеу келген арнайы плиталар қолданылады.
Пештердің түрлері: муфель, бақыр, шахта, түтікше пештері.
Муфель пештері өте жоғары температурада кыздыру, күл алу, балқыту үшін пайдаланылады;
Бақыр пештері: муфель пештерінің бір түрі, айырмашылығы пішінінің өзгешелігі және керамикалық муфелінін орналасуы баскаша болады;
Шахты пештері- бақыр пештерінен тек пішіні ғана өзгеше болып келеді, бақыр пештері сияқты пайдаланылады;
Түтікше пештері- кейбір тексерулерде реакция түтіктерін қыздыру үшін қолданылады.
Қатты заттарды кептіру, сұйықты буландыру және қыздыру үшін инфрақызыл сәулесі колданылады.
Кептіргіш аппаратуралар: кептіргіш шкафтар- әртүрлі нысандарды кептіру үшін қолданылатын құрал-жабдық. Оның кептіргіш-залалсыздандырғыш түрі бар бар.
Онда құрал-аспаптарды, ыдыстарды және басқа да бұйымдарды тек кептіріп қана қоймай залалсыздандыруға да болады. Олардың дөңгелек және тікбұрышты, бір жақты және екі жақты, отты және электрлі, жалпы қолдануға болатын және кептіргіш түрлері бар. Кептіргіш шкафтарда ыстық-суықты жібермейтін бір немесе екі есікті жұмыс камералары болады. Олардың ішінде көп тесігі бар, металлдан жасалған төсеніш-тор-сөрелер бар. Электр шкафтарда температура автоматты түрде- термоэлементтер немесе тиіскіш-контакты термометрлер арқылы іске асырылады.
Аппарат жұмыс істеп тұрған кезде жөндеу жұмыстарын жүргізбеу, жұмыс камераларына жеңіл тұтанатын немесе агрессиялық заттарды салмау-орналастырмау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |