Зерттеу іс-тәжірибесінің күнделігі


Ғылыми жетекшісінің зерттеу іс-тәжірибе өтуші туралы



бет2/3
Дата22.12.2022
өлшемі32,61 Kb.
#59070
1   2   3
Байланысты:
майра

Ғылыми жетекшісінің зерттеу іс-тәжірибе өтуші туралы
пікірі
Магистрант Арыстанова Ботакөз Қайратқызы
А.Ж.Т
Іс-тәжірибе өту мерзімі
" 05 " қыркүйек 2022 ж. " 21 " қазан 2022 ж.


Тақырыптың өзектілігі: Әрбір оқушы өзінің (жеке) шеберлігінің негізін қалаушы ретінде ерекше, сондықтан оқудың басынан бастап әр тұлға үшін оқшауланған емес, өзін дәлелдеуге мүмкіндік беретін жан-жақты оқу ортасын құру қажет. Ғылыми және әдістемелік әдебиеттерді талдау саралау технологиясы студенттердің танымдық белсенділігінің дамуындағы маңызды фактор ретінде қарастырылатындығын көрсетеді.Сонымен бірге, химияны сабақтарында тұлғаның танымдық қабілеттерін ашуға бағытталған әдістер зерттеулерде әлі де болса толық шешімін таппағанын көрсететіндіктен, алынған жұмыстың өзектілігі болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Магистрант ғылыми зерттеу жұмысының эксперименттік бөліміне байланысты зерттеулерді жүргізген. Зерттеулер барысында жеке тұлғаның өзін өзі дамытуына саралап оқыту технологиясының әдіс- тәсілдері ретінде тәжірибелік сабақтарында келесі

  • видео-сұрақтар

  • сөзжұмбақ әдісі

  • ой картасын құрастыру

  • практикалық жұмыс

  • модель жасау

  • сұхбат әдісі

  • қимыл-қозғалыс арқылы процесті сипаттау

  • тест тапсырмалары әдістерін қолданды.

Сабақта оқушыларды дағдылары бойынша топтарға жіктеп, оқу мақсатына жетуге бағытталған тапсырмалар және әдістер арқылы сабақтар өткізілді. Зерттеу сабақтарында бірдей дағдылары бойынша топтасқан оқушылардың тобын берген тапсырманы толығымен орындағаны анықталды. Сондай-ақ олардың оқу мақсатына сәйкес берілген қосымша тапсырманы орындауға да мүмкіндігі болды. Аталған саралап оқыту әдістерінің жеке оқушыны қаншалықты дамытуына ықпалын зертттеу сабақтарына жасаған талдаулары көрсетіп отыр. Магистрант тәжірибелік сабағына бақылау жасап, оқушылармен сұхбат жүргізуде аталған әдістердің тиімділігі жөнінде мәліметтер жинаған. Қазіргі уақытта ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша эксперименттік бөлімдегі алынған мәліметтерге талдау жүргізу деңгейінде жұмыстар жасалуда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет