2. Зерттеу жұмысында орын алған өзгерістерді сипаттау үшін әртүрлі диаграммаларды қолдануға болады. Өйткені диаграмма ақпаратты түсінікті түрде жеткізуге көмектесетін тәсіл. Мәліметтерді сипаттау барысында қолданылатын диаграммалар түрлері өте көп. Оның ішінде кеңінен қолданылатын түрлеріне: сызықтық, шеңберлі, бағандық, кестені, шашыранды нүктелік,пиктограмманы жатқызуға болады. Сызықтық диаграмма уақыт барысында алынған өзгерісті сипаттауға арналады
Белгілі бір уақыт аралығында өзгеріске талдау жасау алдағы уақытта орын алатын өзгеріс жөнінде болжау жасауға ықпал етеді. Мысалы, кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындар экономика саласындағы инфляция өзгерістеріне талдау жасау арқылы өзінің қаржыларын басқарудың жолдарын алдын-ала болжай алады.
3. Зерттеу жұмысын жазу барысында құбылыстардың немесе жәйттардың өзара байланысын анықтау керек болады. Өзара байланысты анықтау екі көрсеткіштің арасындағы өзара қарым-қатынасты анықтаудан тұрады. Бұл ара-қатынасты анықтау статистика ғылымында «корреляция» деп аталады. Мысалы, қылмыс өсімі мен жұмыссыздық өсімінің өзара байланысы т.б. Корреляция деген ұғым ара қатынас деген мағынаны білдіреді. Бір ғана таңдауда екі көрсеткіштің арасында қандай да бір байланыс бар ма деген жағдайда қолданылуы мүмкін. Мысалға, балалардың салмағы мен бойының арасындағы арақатынас, IQ деңгейі мен сабақ үлгерімі арасындағы арақатынас және т.с.с анықталады. Осы арақатынасқа байланысты жағымды корреляция немесе теріс корреляция жағдайлар орын алады. Қарастырылып отырған көрсеткіштердің арасында байланыс болмауы да мүмкін